Автор және Көркем шығарма Орындағандар: Анербай А. Әбілда Қ. Әуез А. Шакиров З. Тексерген: Қалқабаева С. «Автор» ұғымы
Нақты биографиялық
автор
Көркем шығарманың идеялық тұжырымдамасының иесі
Автор – (лат. auctor – жаратушы, негізін қалаушы) – өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор – өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға.
Автордың бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн-бойынан, бүкіл құрылыс-бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады. Бұл – оның шығармашылық тұлғасы, жазушылық, суреткерлік сипаты – өзгешелігі, ал оның өнер иесі ғана емес, өз тағдыры, өз мінез-құлқы бар жеке адам ретіндегі бейнесін алсақ, ол жекелеген жанрда (мысалы, өмірбаяндық, мемуарлық) болмаса, айқын көрініс таппайды.
ӘУЕЗЕЛЕУШІ
ТОЛҒАУШЫ
САРЫНДАУШЫ
Автор бейнесі
Эпикалық шығармада: баяндаушы
Драмалық шығармада: оқиғадан тыс
Поэзиялық шығармада: лирикалық тұлға
Жазушының шығармашылығы мен оның тұлғасы және тағдыры арасындағы байланысқа биографиялық әдістің жақтаушылары шешуші мән беріп, ең алғаш француз сыншысы, қомақты еңбек болып табылатын "Әдеби-сыни портреттердің" (1836-1839) авторы Ш.О. Сент-Бёв тарапынан қолданыс тапты.
Қаламгердің іс-әрекеті белгілі бір мөлшерде туынды бойында өз санасын, әлбетте, өзінің ғұмырнамалық тәжірибесін, өмірдегі іс-әрекетіне ненің түрткі болғанын «айшықтайды». Г.О. Винокурша: " Поэзияның стилистикалық формасының мәні, бір мезетте жеке өмірдің стилистикалық формасы" ақынның тап өзі болып табылады. Осы тәрізді ойларды жазушылар мен ақындар талай мәрте айтты. "Өмір мен поэзия – біртұтас", -деп тұжырымдайды В.А. Жуковский.
Бірақ та, бұл формула нақтылай түсуді қажет етеді. Туындыдағы автор бейнесі өмірдегі автор кейпімен дәлме-дәл келмейді. Мысалға, А.А. Фет өз өлеңдерінде өзінің күнделікті өмірдегі байбатшалық кейпін емес, өз дербестігінің өзге тұстарын айшықтады. Көбіне көркем субъективтілік пен жазушының өмірлік іс-әрекеті мен күнделікті тірлігі арасындағы байыпты алшақтық пен сәйкеспеушілік орын алады.
Сонымен бірге, туындыдағы автор образы мен өмірдегі автор бейнесі бір-бірімен тығыз байланысты. Белгілі орыс философы С.Л. Франк өзінің "Пушкинтанудың міндеттері туралы" (1937) мақаласында: "Ақынның өмірлік тәжірибесі мен поэтикалық шығармашылығы арасындағы айырмашылық, оның рухани тұлғасы біртұтас қалыпында қалады да, оның жеке өмірі мен адам ретінде өмірді байыптауы сияқтылар оның туындысындағы тұлғасының терең қойнауынан туындайды. Көркем шығармашылықтың негізінде, шын мәнісінде, жеке өмір тәжірибесі емес, рухани тәжірибе жатыр",-деп жазды.
Көркем шығармашылық туралы осы тәрізді ойда: В.Ф. Ходасевич пен А.А. Ахматова (өзінің Пушкин туралы еңбектерінде), сондай-ақ, данышпанның тіршілігі "шынайы ғұмырнамасының тәжірибесінде тынымдап оның тамыры тікелей дөрекі имандылықты сезіне білуінде жатыр" деп ұйғарған Б.Л. Пастернак та болды.
Қаламгер келбеті мен оның өмірі кейбірде замандастары мен ұрпақтары тарапынан зер сала қызығып, қастерлейтін тақырып болып табылып, дербес маңызды мәдени құндылыққа айналады. В.Короленко туралы оның замандас сыншысы А.Горнфельд: «Оның үздік туындылары оның өзі, оның өмірі мен тіршілігі» деп жазды. Гл.Успенский, Толстой, Чехов, Блоктардың ғұмырнамасы мен көркемдік тәжірибесін және Короленконың Белинский жайында айтқан ой түйіндеулерін негізге ала отырып, замана әдебиеттанушысы: «Олардың «тірі бейнесі» «үздік туындылармен» бір қатарға қойылған шақта жазушыға қарай қадам жасау орыс мәдени дәстүріне тән қас сипат» деген ой айтады.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |