БӨЖ №5. Электрондық кестенің көмегімен оқушыларға арналған интеллектуалдық ойын түрлерін жасау
Математика-информатика
Бейсембай Аружан
Электрондық кесте дегеніміз не:
Электрондық кестелерді пайдаланудың негізгі облысы ақпарат тіктөртбұшты кесте түрінде берілетін адам қызметінің өрісі. Электрондық кестелер жүйелері кестелік ақпаратты құру мен өңдеуге арналған. Олар кестелік формада берілген есептеу нәтижелерін өңдеу кезінде ыңғайлы.
Электрондық кесте ұяшықтардан құралатын, әрбіреуі өзінің адресіне ие - тікбұрышты матрица. Ұяшықтың номері қарапайым коориданата тәсілімен анықталады. Мысалы: В3. Ұяшықтар тобы : белгісі арқылы жазылады. Мысалы, В3:В4.
MS Excel – кесте процессорлар немесе электрондық кесте деп аталатын класқа жататын, Windows ортасында жұмыс істейтін әйгілі пакеттердің бірі болып табылады. Excel электрондық кестесі математикалық амалдармен, күрделі есептеулерге пайдалануға болады. Ол әралуан типтегі диаграммалар құруға (кестелер мәліметтері негізінді), ДҚ құрып, онымен жұмыс жасауға, есептеу экспериментін қоюға мүмкіндік жасайды.

Ехсеі терезесінде мынадай объектілер орналасқан: Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы. Екінші жол - Ехсеl мәзірі. Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы. Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен баганалар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй (баптау) жоды. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Ехсеl жұмыс режимдерінің индикатора (көрсеткіші) орналасқан.