49. Кесте сабағын тігу техникасы



бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі16,3 Kb.
#97415
  1   2

49. Кесте сабағын тігу техникасы
Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кесте дегеніміз – мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен байланысты. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму (кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннан да танымал бола бастады.
Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, орыс кестесі, әредік кесте, шым кесте, түкті кесте және т.б.


Кесте тігу үшін қажетті құрал-жабдықтар:
1. Матаны жылы сумен жуады.Мата отыруы керек.
2. Матаның шеті сетінемеу үшін оның жиегін қайшымен қияды немесе тігіспен бастыруға болады.
3. Матаның бетіне кесте суреті түсіріледі.
4. Матаның өлшемдері кесте шарғысына сәйкес керілуі тиіс.


Жұмыс басталардың алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары:
1) инені ауызға салуға болмайды;
2) ине, жіп, қайшыны арнайы қобдишада сақтауы керек.
3) қайшыны сабы жағымен ұсыну керек;
4) тот басқан инемен кесте тігуге болмайды;
5) жұмыс басталарда инені санап қою керек


79. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік


Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
· қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
· ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
· алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
· өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
· басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
· қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.


Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет