БөЖ №5. Электрондық кестенің көмегімен оқушыларға арналған интеллектуалдық ойын түрлерін жасау



бет2/3
Дата16.04.2023
өлшемі79,63 Kb.
#83260
1   2   3
Байланысты:
БӨЖ №5

Электрондық кестелердің түрлері

Электрондық кестелердің түрлері тегін лицензиялы және ақылы болып бөлінеді. Ең жақсы танымал, мысалы:

  • Google Spreadsheet - Google Docs есептік жазбасы барларға арналған ақысыз құрал.
  • Calc: бұл Openoffice.org сайтының тегін лицензиясы.
  • Microsoft Excel - Microsoft Office жиынтығына енгізілген лицензия.
  • Gnumeric: Gnome Office жиынтығына енгізілген.

Интелектуалды ойындар

  • Интеллектуалдық дамыту ойындары балалардың түсіну және қабылдау қабілетін, ақыл-ойын дамытуға, түсінік-ұғымдарын қалыптастыруға, білімді терең меңгеруіне игі ықпал етеді. Интеллектуалдық дамыту ойынының негізгі құрылымдық ерекшелігі — ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесінің қатаң сақталуы, педагогтың ойынды ұйымдастыруға даярлығы, баланың жас және жеке даму қабілеттерінің ескерілуі. Ақыл-ойды тереңдетуге бағдарланған интеллектуалды ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді, қолданып көргенін, танып- білгенін есінде сақтайды. Нәтижесінде қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, тұрмыс пен қызмет түрлерін ажырата бастайды. Еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-оқу қызметі, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, математикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б.Ал интеллектуалдық дамыту ойындары – балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын молайтады. Оларды іденімпаздыққа ынталандырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Баланың белсенділігі артады, ойынның келесі күрделі кезеңіне өтуге талпынады.Ойынды түрлендіру әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Ойыншы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

  • Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-оқу қызметі, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, математикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б.Ал интеллектуалдық дамыту ойындары – балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын молайтады. Оларды іденімпаздыққа ынталандырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Баланың белсенділігі артады, ойынның келесі күрделі кезеңіне өтуге талпынады.Ойынды түрлендіру әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Ойыншы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет