БөЖ-6 Тақырыбы: Түйсіктің компенсаторлық мүмкіншіліктері.



бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі40 Kb.
#23093
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-БӨЖ

Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп — ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секунда өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды — инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.

Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бӛлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2) орта құлақ; 3) ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің физиологиялық күші ерекше болып келеді.Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше — дабыл жарғағы. Ол нәзік болғанымен, өте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден, яғни балғашық, төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның сарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады, үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді.Есту мүшесінің үшінші бөлігі ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі. Оның өзі үш бөліктен босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі — өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрадьі, Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады.Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады. Г.Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан. И.П. Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мұндай тәжірибе Г. Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді.Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу — есту түйсігі жөнді жетілмеген адамға қиынға түседі.Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы — дыбысты сүйек арқылы есту. Мысалы, құлаққа мақта тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс айқын естіледі. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет