БӨЖ 5. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Аррениус теориялары. Гетерогенді катализ. Адсорбция және хемосорбция. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы 440 градус Цельсия кезінде қандай да бір реакцияның жылдамдық константасы 0,48с-1 тең, ал 400 градусте - 0,03с-1. Вант-Гоффтің температуралық коэффиценті мен реакцияның активтену энергиясын есептеу керек.
10-50 градус Цельсия интервалында активтену энергиясы 85 кДж/моль болса, Вант-Гоффтің температуралық коэффицентін есептеңіз.
12-52 градус Цельсия интервалында Вант-Гоффтің температуралық коэффиценті 3,5 тең болса, реакцияның активтену энергиясын есептеу керек.
Егер жүйедегі барлық заттардың парциалды қысымы 3 есе азайса, ал температура 30 °С-ге бір мезгілде азайса реакция жылдамдығы қанша есеге азаяды. Температуралық коэффицент 2-ге тең.
Реакцияның активтену энергиясын есептеу керек, егер температура 330 К –нен 400 К-ге дейін артқанда реакцияның жылдамдық константасы 105 есе артса.
N2О4→2NО2 ыдырау реакциясы үшін 298 және 303°К температура кезінде жылдамдық константасы 4,4•104 және 5,5•104 тең. Жылдамдықтың температуралық коэффициентін есептеңіз(γ).
Бромды этилдің гидролиздену реакциясы үшін Аррениус теңдеуіндегі А және В тұрақтылары-12,26•103 және 24,3 тең болса, берілген температуралар үшін жылдамдық константасын есептеңіз: