Газдар. Идеалды және реалды газдар заңдарына, Дальтон заңына және Газдардың молекулярлы-кинетикалық теориясы тақырыбына есептер шығару.
Вариант №1
1. 1м3 құрғақ кокс газының массасы қ.ж. 0,480 кг. 93300н/м2 қысым мен0 0 С температура кезіндегі массасы қанша? 2. Массасы 1,34 г хлороформ буының 910 С температура және 0,97 бар кезіндегі көлемі 350 см3. Келтірілген тәжірибелік мәліметтерге сәйкес газ тұрақтысының мәнін табу керек R (Дж/кмоль.град).
3. Азоттың (II)оксиді молекуласының 2700С температура кезіндегі орташа квадраттық және орташа арифметикалық жылдамдықтарын есептеңіз.
4. 1 кмоль күкірт диоксидінің қысымын есептеу керек, егер ол сиымдылығы 10 м3 және 100 0 С температура кезінде болса, идеалды және реалды газдар күйінің теңдеуін пайдаланып.
5. CO + Cl2 COCl2 тепе-теңдік қоспасында 101325н/м2 қысымда және 400 0 С температура кезінде 0,802 моль COCl2 , 0,198 моль CO және сонша моль хлор бар. Әрбір газдың парциалды қысымын есептеу керек.
Вариант №2 1. Массасы 56 г азот 4,052*105 н/м2 қысымда 10 л көлем алады. Азоттың концентрациясы 0,3 моль/л болуы үшін қандай қысым пайдалану керек, егер температура тұрақты болса.
2. Сиымдылығы 20 л баллонда 15 0 С температура мен 2,55*105 н/м2 қысымда қанша хлор бар? (моль, килограмм)
3. Азот молекуласының 530 0С температура кезіндегі орташа квадраттық және орташа арифметикалық жылдамдықтарын есептеңіз.
4. Сиымдылығы 10 м3 баллонға 3000С температурада 1 кмоль оттегі қандай қысым түсіретінін идеалды және реалды газдар күйінің теңдеуін пайдаланып есептеу керек.
5. Сиымдылығы 100 л ыдыстағы жалпы қысымды есептеу керек, егер 250 С кезінде онда 40 г этилен мен 30 г метан бар болса.