Бөж каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы



Дата14.05.2023
өлшемі31,39 Kb.
#92920
Байланысты:
СОӨЖ 4 Муратбаева Альбина


БӨЖ 4. Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы


Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде.


Мұнай өнеркәсібі саласымен тікелей байланысты мұнай мен басқа да шикізаттар Каспий теңізі маңайында өндіріледі. Ал өндіру нәтижесінде пайда болатын қалдықтар Каспий теңізіне құйылады. Бұл өз кезегінде суды ластап, су түбінде тіршілік ететін теңіздің флорасы мен фаунасының жойылуына әкеп соқтырады. Су көлемінің азаюы да мұнай өндірудің салдары болып табылады.
Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз түрде мұнай болып табылады. Мұнаймен ластану теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне қатты соққы береді, мұнай жайылмалары күн көзін өткізбейді, судағы ауаның жаңаруын азайтады және биологиялық өнімділік азаяды. Көбінесе мұнайдың улы қоспалары балықтың, теңіз құстарының қырылуына себеп болады, теңіз хайуандарының етінің дәмдік сапасына қарсы әсер етеді. Мұнаймен улану қаупі оның жиынтығының көбеюіне байланысты өрши түседі. Су ортасының токсикалылығы 1мг/м жиынтықталған кезде көрінеді. Кейбір аурулардың мұнаймен ластануға байланысты екендігін куәландыратын зерттеулер қатары бар. Қанның және қан жасайтын органдардың ауруы Қазақстанның солтүстік аймақтарында республикаға қарағанда 2-4 есе жоғары.
Сонымен қатар Солтүстік Каспийдің ихтиофаунасының өзеруі салдарынан, аймақтағы бекіре аулаудың үш есе кемуіне алып келді [2].
Осы фактілердің барлығы Каспий аймағы экологиялық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың басты назар аударуын талап етуде.
«Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк Конвенциясының (Тегеран, 2003 ж. 4 қараша)» 14-бабына сәйкес уағдаласушы тараптар Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын қорғауға, сақтауға, қалпына келтіруге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ерекше көңiл бөледi және мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
а) адамдардың тамаққа сұраныстарын қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық мақсаттар кезiнде экологиялық тепе-теңдiктi сақтау және қалпына келтiру мақсатында биологиялық ресурстардың әлеуетiн дамыту мен арттыру;
ә) тиiсті экологиялық және экономикалық факторлармен және түрлердiң арасындағы арасалмақты назарға ала отырып анықталатын өндiрудiң ең тұрақты көлемiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн деңгейлерде теңiздегi түрлердiң популяцияларын қолдау немесе қалпына келтiру;
б) шамадан тыс пайдаланудан биологиялық түрлердiң құрып кету қаупiне ұшыратпауды қамтамасыз ету;
в) балықтардың өнеркәсiптiк түрлерiн аулау және өнеркәсiптiк емес түрлерiн аулау кезiнде ең аз шығынға әкелетiн таңдалған әдiстер мен тәсiлдердi дамытуға және қолдануға жәрдемдесу;
г) эндемидтi, сирек және құрып кету қаупi төнген биологиялық түрлердi қорғау, сақтау және қалпына келтiру;
ғ) сирек және құрып кету қаупi төнген түрлердiң, сондай-ақ әлсiз экожүйелердiң биологиялық әралуандылығы мен мекендеу ортасын сақтау үшiн қолда бар озық ғылыми деректердiң негiзiнде барлық қажеттi шараларды қабылдайды [3].


Әдебиеттер

  1. Копбасарова Г.К. Правовая охрана окружающей среды от трансграничных загрязнений // Вестник КазНУ. Серия юридическая, 2007, №3.

  2. Аманова А. Правовые проблемы защиты окружающей среды Каспийского моря, связанные с разработкой ресурсов Каспия// Нефть Газ и Право Казахстана, - №1. – С. 40-48.

  3. Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк Конвенциясы. Тегеран, 2003 ж. 4 қараша

  4. Каспийская экологическая программа. Парвовое и организационные меры охраны и использования природных объектов экосистемы каспийского моря в прикаспийских государствах Азербайджан, Иран, Казахстан, Россия, Туркменистан // Спарвочная правовая система ЮРИСТ, 07.2008

  5. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007 жылғы. Алматы: Юрист 2007 жыл.

  6. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген мiндеттемелердi орындауды ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 тамыз 1994 ж. № 918

  7. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет