Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер
атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны
үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне
қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен
Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға
қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін
мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны
саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен
босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен
айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату
жазасына кесілді
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып,
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай
поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы
ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты,
Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ
поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел
ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге
шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”,
“Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”,
“Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан
Достарыңызбен бөлісу: |