5 Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асы-
рушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім
екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре
алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас
жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағы-
наға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от ба-
сы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әле-
уметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам
психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын,
яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы,
наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі,
нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар
жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті
пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын,
ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны
айрықша және ол – адам саны ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психоло-
гия адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін
өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат – белгілері –
оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі,
дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік орта-
да тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар
дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына
көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын та-
нып білу иесі (субектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым қатынасынан
байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да,
ақыл – иесі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай
ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қаси-
еті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адам-
ның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық
өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай іс
— әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір
– қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс — әре-
кеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл — әре-
кетіне оның мінез – құлқына, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын
байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс — әрекет түр-
лерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді.
Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының дара-
лық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдай мен ыңғайла-
сып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адам-
ның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бой-
ындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін біл-
діретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басы-
нан кешіруі, сезі күйлері мен іс – қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ.
Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін
құрайды. Әрбір адамның мінез құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада да-
мып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның
әлеумет өміріне ықпал етіп, отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз.
Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының ба-
ста бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жа-
сайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осын-
дай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиет-
тер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейне-
лейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өз-
геріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерек-
шелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы дара-
лық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теория-
лық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағы-
нышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда
айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға
негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа
берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеумет-
тік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәр-
бие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі
толықтырып отырады.
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-
әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақса-
тымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы
жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – Ав-
стрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстиктті әрекет-
теріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін — өзі сақтау инстиктіне
байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді,
өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажет-
тіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде басқа-
рады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі
сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі»
дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип
патша» атты шығармасының сырын уағыздайды.
Достарыңызбен бөлісу: |