Бөж орындаған: Сахыбек Әсет



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата27.11.2023
өлшемі271,68 Kb.
#129723
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-БӨЖ (Әлеуметтану) (1)

Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификация-
сына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи
қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп
түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар –
таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топ-
тардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп
түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талда-
уының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр
түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификация-
ның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теория-
ларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара
бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайын-
да барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сон-
дықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшы-
лықты) сипатта болады.
К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын
таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін
(буржуазия мен пролетариат) зерттеді.
Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті
таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер).
Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі
теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа бел-
гілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық
және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды.
Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп са-
нады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік
бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен
алмастыруды ұсынады.
2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі
батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген термин-
мен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын
айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей
еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсін-
діреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қыз-
меттердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.


Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әле-
уметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын
теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап,
реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы
дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға
болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді,
олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты бо-
лып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік
қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жал-
пы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және
көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің
пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиын-
тықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың
мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік
топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жа-
сына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этно-
стық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлт-
тық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни
қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құра-
лады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына
әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік
(байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметта-
нуға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топ-
тар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа
көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедер-
гілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда
болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби
шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере
бермейді.
П.Сорокин әлеуметтік мобилділік екі типін көрсетеді: көлде-
нең және тігінен. Көлденең мобилділік деп индивид немесе әлеуметтік топ-


тың бір әлеуметтік орыннан, сол деңгейдегі басқа орынға өтуін айтады. Мәсе-
лен, бір ұйымнан басқа ұйымға дәл сондай лауазымдық жұмысқа өту, бір
отбасының екіншісіне өту. Бұл жағдайдың бәрінде де индивид өзіне тиісті
әлеуметтік қабатты ауыстырмайды Тік қозғалыс — бұл индивидтің бір қа-
баттан екіншісіне өтуі. Бұл индивидтің шығармашыл және іскерлік қабілет-
теріне байланысты. Мәселен, лауазымдық көтерілу оны прогресс деп атайды,
өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе басқа билік деңгейіне
көтерілу (бұрыңғы әкімшілік басшысы министр болуы). Бұл —
көтерілу байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әле-
уметтік қозғалыста болады. Қоғам бір индивидтердің статусын жоғар-
латқанмен, келесі индивидтердің статусын төмендетіп отыра-
ды. Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы бол-
ды немесе жай ғана жұмысшыға айналды), қазіргі кез-
дегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі,
КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының
төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет