БөЖ Өсімдіктердің дамуы Орындаған: Назарова У


III. Өсімдіктің мүшелері арқылы (вегетативтік) көбеюі



бет3/4
Дата05.05.2023
өлшемі110,17 Kb.
#90454
1   2   3   4
III. Өсімдіктің мүшелері арқылы (вегетативтік) көбеюі
Вегетативтік көбею (лат. vegeto – тірілту, қоздыру, өсіру)– өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріарқылы көбеюі.
Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардыңжыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болу.
Вегетативтік көбею төменгі сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Вегетативтік көбею жануарларда бүршіктену (губкалар, ішекқуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді. Бір клеткалыөсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен, ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.), мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді. Өсімдік ш-нда, негізінен, қалемшелеу әдісі қолданылады. Вегетативтік көбею кезінде жыныстық көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың қасиеттері, белгілері жақсы сақталады. Вегетативтік көбею өсімдік өсіруде, бақ және орман ш-нда кеңінен қолданылады.


Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп, жаңа өскін береді. Көбею тәсілдері: І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею: а) тамырсабақ; ә) түйнек; б) пиязшық; в) мұртша. ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктерімен көбею (сабағы, жапырағы, тамыры). ІІІ. Телу арқылы көбею (бүршіктерінен, көзшелерінен телу).



І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею.
Алаңдарды, гүлзарларды, мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында жыланқияқ (құртқашаш), інжугүлдердің тамырсабақтарынан көбейтеді. Тамырсабақты 2-3 бүршіктен қалдырып, бөліп топыраққа отырғызады. Жыл сайын гүлдеп, тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами береді (1-сурет).
Тамырсабақты өсімдіктер алғашында 1-2 түп болып өссе, жылдан-жылға көбейе береді.
Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет