БөЖ Өсімдіктердің дамуы Орындаған: Назарова У



бет4/4
Дата05.05.2023
өлшемі110,17 Kb.
#90454
1   2   3   4
Байланысты:
Улбала онтогенез (копия)

Пиязшықтарымен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.
Мұртшаларымен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.


ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері (жас өркендері) арқылы көбейту.
Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді (2-сурет). Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады.
Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.
Телу арқылы көбейту. Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды, іріктемелер шығаруға телу әдісін қолданады.
Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі. Телудің көбірек қолданылып жүргендері – жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу.
Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.
Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.


Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3


Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0


А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет