Глоссарий
Аккомодация – түрлі қашықтағы заттардың көрінісінің фокусын торлы қабыққа түсіретін көздің қасиеті
Амавроз – көру қабілетінен жартылай немесе толық айрылумен сипатталатын дерт
Амблиопия – көру аппаратының функционалдық бұзылыстары себебінен болған, оптикалық түзетуге болмайтын, көру қабілетінің тұрақты төмендеуі
Амбулатория – науқастың өз бетімен келіп-кетіп қаралатын емдеу мекемесі (емхана)
Анамнез – диагноз қою мақсатымен науқасты немесе оның туыстарын сұрастыру арқылы науқас адамның өмірі мен ауру тарихы туралы жиналған медициналық мәліметтер жиынтығы
Асфиксия – тұншығу
Генеалогиялық зерттеу әдісі – шежіре тарқату мен оны талдаудан тұратын зерттеу әдісі
Гипоксия – оттегінің жетіспеуі
Гипотрофия – дене салмағының төмендеуімен сабақтасатын, тіндердің қоректенуінің созылмалы бұзылысы
Глаукома – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы
Госпитализация – науқасты стационарға жатқызу
Дизартрия – дыбыс айтудың бұзылуы
Диспансер – науқастардың белгілі бір контингентін емдеумен айналысатын, солардың денсаулығын жүйелі түрде бақылап отыратын арнайы медициналық мекеме
Диспансеризация – бұл жүйелі дәрігерлік бақылау әдісі
Дисфагия – шашалу және қақалу симптомдарының пайда болуымен сипатталатын, тамақты жұтудың қиындауы
Дисфония – дауыс шығуының бұзылуы
Интоксикация – организмнің уыттармен (токсиндермен) улануы
Инфекция – микробтар тудыратын жұқпалы ауру
Ирис – көз алмасының нұрлы қабығы
Катаракта – көз бұршағының мөлдірлігінің жойылуы
Клиника – аурудың көрінісі
Колобома – көз бен оның қосалқы мүшелері тіндерінің кейбір бөліктерінің болмауымен сипатталатын көз ақауы
Конституция – дене бітімі
Корти мүшесі - ішкі құлақтың ұлуында орналасқан, дыбыс тербелістерін сезетін кірпікшелі жасушалардан тұратын, есту талдағышының қабылдағыш бөлігі
Кохлеа – ішкі құлақтағы ұлу
Көру агнозиясы – ми қыртысының шүйде бөлігі зақымданғанда байқалатын, көру толық сақталғандығына қарамастан, заттар мен олардың бейнелерін тану қабілетінің бұзылуы
Ларингит – көмекейдің қабынуы
Летальды – өлімге әкеп соғатын
Микрофакия – көз бұршағының патологиялық кішкентай болуы түріндегі туа біткен даму кемістігі
Миопия – зат көрінісінің фокусы көздің торлы қабығының алдына түсетін және адамның алыстан нашар көруімен сипатталатын рефракция аномалиясы
Молекулярлы-генетикалық әдіс – ген деңгейіндегі ДНҚ ретінің минимальды өзгерістерін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі
Отит – құлақтың қабынуы
Ретина – көз алмасының торлы қабығы
Рефракция – көздің оптикалық жүйесінің сәулені сындыру күші
Ринит – мұрынның қабынуы
Синусит – мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы
Склера – көз алмасының сыртқы қабығының мөлдір емес бөлігі
Стационар – науқастар тәулік бойы жатып емделетін мекеме (аурухана)
Фарингит – жұтқыншақтың қабынуы
Физиология – тіршілік қызметі
Цитогенетикалық әдіс – кариотипті анықтау және адамның хромосомалар жиынтығындағы бұзылыстарды анықтау үшін қолданылатын зерттеу әдісі
Эпикриз – ем аяқталғаннан кейін немесе оның белгілі бір сатысында жасалатын, дәрігердің науқас жағдайы, диагнозы, сырқаттың пайда болуы мен дамуы, емнің негізделуі мен нәтижесі туралы тұжырымдамасы
Этиология – аурудың себебі
Достарыңызбен бөлісу: |