4.Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайында халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз?
Халықаралық қатынас – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін фундаменталды, өзекті мәселеге айналды. Өркениетті мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси билік жүйелерін қалыптастыра бастады. Әлемдік ортақ мәселелерді шешу ғасырларға созылған әлемдік ізгілікті, әділетті тәртіптер орнатуға деген әлем халықтарының құлшынысының негізінде қалыптасады. Ал, әр елдегі адам мәселесін шешу және оның құқықтарын қорғау үшін жаһандық мәселелерді шешу және жаһандық қауіптермен күресу қажет болды. Әлемдік саясат әлем халықтарының гуманитарлық, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі болып табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын.
Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор.
Жалпы алғанда, қорытындыласам әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды. Әлемдік саясатты ішкі саясат сияқты орталықтанған билік басқармайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану негіздері. – Алматы. - Жеті жарғы, 2003-225б.
2.Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері- А., 2004-152б.
3.Иманбаев М., Смағұлов Е., Халықаралық саясат және әлемдік қатынастар негіздері.,-2017-428б.
Достарыңызбен бөлісу: |