Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез-құлқы,бейімі,қызығушылығы,мүмкіндігін т.б.тереңірек зерттеу. Ата-ана,бала,тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.Бала тәрбиесіндегі ат-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жоспар: 1. Кіріспе сөз
2. Тренинг: «Кел танысайық!»
3. Балабақшаның күн тәртібі.
4. « Алғашқы қадам» бағдарламасы (слайд)
5. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).
6. Ата-ана мен балаға байланысты ситуация шешу.
7. Сұрақтарға жауап беру.
8. Ата-аналар комитетін сайлау.
9. Сұрақ-жауап алмасу.
10. Қорытынды.
Балабақша меңгеруші Биенко Татьяна Григориевнаға сөз беру. Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз.Жел бесіктен,жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен балабақша.Болашақ десек те,келешек десе де бала-ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы-дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау,адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі-бір отбасының ғана емес,бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті.Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес,ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек,тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»-демеп пе еді.Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек.Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс- жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс.Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.
Тренинг: «Кел танысайық!» Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. «Менің есімім .... мен ... анасымын (әкесімін). Өз баласы туралы айта кету. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын»-деп жұмсақ ойыншықты көрші тұрған ата-анаға беріп,әр бір ата-ана өзін таныстырып шығады.