ХV-ХҮІІ ғасырлар ескерткіштері тілінің қазақ пен ноғай тіліне ортақтастығы Тілдік талдауларға келгенде, мына жайт та назар аудартады. Сөз етіп отырған дәуірлердегі үлгілерді (немесе бұлардың бірсыпырасын) таза қазақ тіліндегі нұсқалар дегеннен гөрі, қазақ пен ноғай тілдеріне ортақ туындылар деп таныған дұрыс болар. Өйткені, Ш.Уалиханов айтқандай, Жәнібек ханның билік құрған шағында қазақ пен ноғайлы жұрттары бірге өмір сүрген кезі – өлең-жырлардың алтын дәуірі болды. Шоқан Жиренше шешен аңыздарын, «ноғайлы философы» – Асанқайғы толғауларын, Әз Жәнібек сөздерін осы ноғайлы-қазақ жолдық осы өлеңді ЬІбырай Алтынсарин де өзінің хрестоматиясында жариялаған болатын. Онда бұл толғау тіпті авторынан айрылып, «Бір бидің жамандардан қорлық көріп, бір ханға айтқан сөзі» деп ұсынылған.Дәуірінде туған деп топшылайды.Тек Жиренше мен Асан емес ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған, Шобандар да ноғайлы-қазақ жыраулары болып саналуға тиіс. Бұл пікірді принципті түрде алғаш айтқан зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Қазтуған туралы сөз», «Доспамбет сөзі» деген жыр, «Әділ сұлтан жыры» т.б.сөз үлгілері қазақ халқының құралу қарсаңында, одан бергі дәуірде өзге территорияда Еділ мен Жайық бойында, Еділ, Қырым аралығында, Алтын Орданың өзге бір ордасында ұйтқы болған ноғайлар арасында туды. Ал бұл жырларды осы құрамда болып, қазақ халқына кейін қосылған ру-тайпалар өзімен бірге әкелді. Кейінгі дәуірлердегі қайта жырлаулар негізінде бұл жырлар өзінің бұрынғы ноғай әрі Қырым жұрты редакциясынан біраз өзгеріп, біршама қазақыланды. Осы себепті де бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ т.б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек»,-дейді.
XV-ХVI ғасырлар – қазақ ру-тайпаларының өз алдына ұлыс (народность) болып құрала бастаған дәуірлері. Бұған дейін ноғайлылар мен қазақтың ру-тайпалары Алтын Орда құрамында бірге, аралас-құралас өмір сүргені мәлім. Ш.Уәлихановтың сөзімен айтқанда, «төрде басы, төскейде малы бір болған» осы ғасырлардың өзінде бірсыпыра ру-тайпалар ноғайлы мен қазақ одақтарының біресе біреуіне қосылып, біресе ажырап жүрді. Біртектес түркі тілінде (қыпшақ тобында) сөйлейтін ру-тайпалардың бұл араластығы олардың мәдени-әдеби өмірінде де, тілдерінде де үлкен із қалдырды. Сондықтан Асан, Шалкиіз, Қазтуған, Шобан сияқты сөз зергерлерін ноғайлы, қазақ болып бөлінгенде, әрқайсысы өзімдікі деп ала кетуі әбден заңды. Осы себептен бұлардың туындыларын қазақ кітап- тарымен қатар, Магомет Османов құрастырған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (СПб., 1883) атты жинақта да, А.Жәнібек құрастырған «Ауыл поэзиясы иа де ноғай әдәбиеті» (Мақачқала, 1935), «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (ноғай яжувшыларының ортақ иынтығы, түзеген – Б.Қарасов. — Черкасск, 1969) деген жинақтар мен кітаптардан да таба аламыз.
Қазақ қауымы халық ретінде XV ғасырларда құрала бастағаннан кейін тілі ж-мен айтылатын топта қалыптасып, өзге түркі тілдерінен ажырай бастағаны мәлім. Бірақ бұған дейінгі пайда болған әдеби мұралар әлі де ұзақ уақыт қазақ халқының рухани қажетін өтей алатын, сондықтан оңай қазақшаланатын дүниелер болғанға ұқсайтынын жоғарыда айттық. XV-ХVI ғасырлардан қалған өлең-жырлар әлі де ноғайлы, қазақ жұрттарына ортақ, мүмкін, көп ретте ж-мен емес, й-мен айтылған болар. Бұған кейбір тарихи есімдерге қатысты жырлар мен шағын өлеңдердің Қырым татарларында да (ноғайларында) сақталғаны куә. Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуғандарды кейбір зерттеушілердің ноғайлы- қыпшақ жыраулары деп атайтыны да, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет жырла- рының, Тоқтамыс, Сыпыра жырау толғауларының жалпақ қазақ ішіне тарамай, оның батыс бөлігінде – Ноғай ордасынан бөлінген тайпалар арасында ғана айтылды деген пікірлер де осыны дәлелдей түседі. Қайткен күнде де бұларды қазақтың XV-ХVI ғасырлардағы әдеби тілі туралы пікір айтқызатын нұсқалар деп тану керек.