Бөж тақырыбы: Ақаба суларды тазалау әдістері. Қабылдаған: Абжалов Б. С. Орындаған



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#114475
1   2   3   4
Байланысты:
физхим2

Ақаба суларды тазалау әдістері. 


Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық – химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Ақаба суларды тазалау әдістері. 

  • Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рн мағынасын 6,5 – 8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен әдетте, құрамында әр түрлі минералды қшқылдары бар ақаба сулары тазаланады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамында СО2, SO 2, NO 2 оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл жағдайдың қолайлығы екінші жағынан газды тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесі де шешіледі.

Ақаба суларды тазалау әдістері. 

  • Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктың еритін қосылыстарын және т.Б. ) Басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа, оттегі, азон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенеттер пайдаланылады.

Ақаба суларды тазалау әдістері. 

  • Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның суды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен бірге суы озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегіне электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцогендер (мысалы: диоксиннің) түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет