Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ Тақырыбы: Ақаба суларды тазалау әдістері. Қабылдаған:Абжалов Б.С.Орындаған:Маккамбаева Э.
Кіріспе Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеокәсіптік, ауылшаруашылықтық, комуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су.
Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын минералдық және органикалық қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға бөлінеді. Олар:
Шаруашылық – тұрмыстық
Өндірістік
Атмосфералық
Ақаба судың шарушылық – тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түседі) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс реьінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланады.
Ақаба суларды тазалау әдістері.
1. Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұтанатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды және т.Б.) Қолданып, ал беттік ластағыштарды – мұнайұстағыш, май иен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Соңғы кезде ақаба ссуды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланып жүрген атериалға май сіңіргіштік қабілеті жоғаоы пенополиуретан жатады. Ақаба суды 0,08-0,3 м/с жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізі, оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуғаболады. Кейбір құм ұстағыш үлгілерімен құм 80%-ке дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады.
Гидроциклондарды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба сулардвы өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көһбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1,2 г/см жоғары ағындыларды ірілігі 0,15 мм үстіндегі бөлшектерден тазалауға бағытталған.
Комуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісі қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60% -тей мөлшерінен тазалауға болады, ал кейбір өндірістік сулар бұл әдіспен 95%-ке дей3н тазаланады.