БӨж тақырыбы: Адамдар арасындағы қарым-қатынастар Орындаған:



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#118259
1   2
Адамаралық қарым-қатынас (ағылш. Interpersonal relationship) — саналы адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[1][2]
Адамаралық қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. 
1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 


Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Қорыта келе, жоғарыда келтірген мысалдардан, өзіміз көріп отырғандай, қарым- қатынас тек коммуникативті құрал ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасуында, ой өрісінің дамуында, көкжиек танымының шыңдалуында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Вебб сайтттар:
https://prezi.com/p/ack0gs4inklu/presentation/
https://stud.kz/referat/show/77774
https://kk.psichiatria.org/zheke-tulganyn-tipologiyasy/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет