Бөж тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары



Дата25.11.2023
өлшемі141,45 Kb.
#126054
Байланысты:
« азіргі заман ы аза стан жастарыны этикалы ндылы тары». Жо



«Әлеуметтік гумантиарлық пәндер» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Орындаған: Әбдімәулен Н.Ә


Тобы: В-ЖМҚА 04-22
Қабылдаған: Аширов Ш.А

Шымкент 2023

Жоспар:


  1. Құндылық деген не?

  2. Этика деген не?

  3. Қазақстанның қазіргі жастары

Құндылық адам үшін неғұрлым маңызды, біз сол үшін ең жоғары баға төлеуге дайынбыз. Философиялық көзқарас құндылық бағдарларды тұлғаның тұрақтылығын, мінез-құлық пен қызметтің белгілі бір түрінің сабақтастығын қамтамасыз ететін және қажеттіліктер мен мүдделер бағытында көрінетін сананың негізгі осі ретінде анықтайды. Құндылықтар - қоғамдық өмірдің маңызды рухани реттеушілерінің бірі: олар мақсаттарды, мұраттарды негіздейді, адамның қоршаған әлем оқиғаларына және өзіне қатынасын анықтайды.Адамның құндылық бағдары оның жеке басының ең маңызды сипаттамасы болып табылады, өйткені олар оның сыртқы әлеммен қарым-қатынасы мен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтайды, мінез-құлқын анықтайды және реттейді. Өзінің құндылық бағдарларын түсіне отырып, адам әлемдегі өз орнын іздейді, оның өмірінің мәні мен мақсаты туралы ойланады. 1


Жалпы этика дегеніміз не?
Этика- қарапайым ғана адамзаттық құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни ,ұлттық , жалпы
адамзаттық , нормативтік,теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады. Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын "қазақ жастары" емес "Қазақстандақ жастар" етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын,оның ішінде ақыл-ой,білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымактық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы- жаңа технологиялық жүйеде жатыр,ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік .Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары,дегенмен , статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелденген. Негізгі себептері: орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы,нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.2

Қазақстанның қазіргі жастары - бұл елеулі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар кезеңінде туып-өскен ұрпақ. Бұл әлемге өзіндік көзқарасы бар, өз ұстанымымен және құндылықтарымен ерекшеленетін жастар. Қазіргі уақытта қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесі өткен ұрпақ құндылықтарынан айтарлықтай өзгеше. Жастардың құндылық бағдары екі негізгі аспектінің әсерінен қалыптасады. Оның біріншісі - моральдық қатынастардан, гуманизмнен, қайырымдылықтан көрінетін рухани мазмұн. Екінші аспект жастардың құндылық бағдарына әсер ете отырып, соңғы онжылдықтарда үлкен өзектілікке ие бола бастады - бұл индивидуализм, рухани құндылықтардан материалдық құндылықтардың жиі басымдығы. Қазіргі заманғы жастардың өмірінде басты басымдықтар - табысты мансап, отбасы, достық, пайдалы байланыстар құру, өзін шығармашылықпен немесе хоббимен жүзеге асыру мүмкіндігі.1


Қазіргі қазақстандық жастардың негізгі өмірлік құндылықтары: отбасы, достары мен денсаулығы, қызықты жұмыс, ақша және әділеттілік (қазіргі кездегі құндылықтың маңызы артып келеді). Діни сенім өмірдегі басты жеті құндылықты жабады. Басқаша айтқанда, қазіргі жастардың құндылық бағдары - бұл отбасын құру, денсаулық сақтау, адами капиталды қалыптастыру және дамыту. Адам қоры өзінің жалпыланған түрінде болашақта инвестициялау арқылы адамға жоғары кірістер алуға мүмкіндік беретін білім, білік, дағды, денсаулық және т.б.3
Қазіргі қазақстандық жастардың құндылық бағдарын ескере отырып, олардың кейбіреулері адам капиталы құрылымында белгілі бір орын алады деген қорытынды жасауға болады. Мысалы: сапалы білім - бұл адами капиталдың құрамдас бөлігі, сонымен қатар қазіргі заманғы жастардың құндылықтарының бірі, өйткені дәл осы мектеп бітіргеннен кейін жастардың жұмыспен қамтылуының кепілі болып табылады.1
Қазіргі жастар көбінесе құндылық бағдарды қандай да бір мақсаттар ретінде қабылдайды, не қол жеткізгісі келеді, не алғысы келеді, мейлі ол отбасы, жұмыс немесе шығармашылық табыс. Қазіргі заманғы қазақстандық жастарды ақша мен материалдық байлық қана емес, көпшілік кейде сенеді. Материалдық құндылықтардан гөрі сенім мен шығармашылық сияқты рухани құндылықтар маңызды болды. Жетістікке келетін болсақ, қазіргі заманғы жастар жеке қасиеттер мен жастардың шығармашылық әлеуеті оған жетуге барынша көмектеседі деп санайды.1
Жалпы алғанда, қазақстандық жастар өздерінің құндылық шеңберін қал- ыптастыру сатысында деп айту керек. Мұнда бірнеше факторлар маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, бұл батыстану және нарықтық психология ағыны. Екінші процесс - мемлекеттік идеологияның әсері. Үшіншісі - рухани және мәдени дәстүрлерді жаңғырту. Дәл осы ағымдардың араласуы қазақ жастары деп аталатын жаңа әлеуметтік шындықты қалыптастырады. Сонымен қатар, жастар өздерінің болашағы туралы оптимистік көзқарасқа негізделген. Білікті көпшілік өмірдегі жетістікке және олардың әл-ауқатының жақсаруына сенеді.4
Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпыадамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине ,бәрі бірдей саналы емес,есесіне білім деңгейі тұрғасынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында - байсалдылық , рахым,қанағат,ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу,қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады. 4
Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды. Оған дәлел, қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы. Жағымсыз тұсы:тілдың шұбарлануы. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері (бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің).4
Қазіргы заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көркейтуде - патриот ұғымдары жиі қолданылады. Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда. Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат,істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.4
Қазақ тарихының сахнасынан орын тепкен арпалыстар мен қиындықтарға толы кезеңде халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»,- деп бекер айтпаса керек. Дамушы ел ретінде мемлекет болашағы қазіргі жастар, келешек ұрпақ болғандықтан, олардың этикалық құндылықтары назар аударарлық маңызды тақырып. Ең алдымен « этикалық құндылықтар дегеніміз не? »,- сұраққа жауап берсек. Адам бойындағы ең бірінші табылуы қажет қасиет адамгершілік екені сөзсіз. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет, салт-дәстүрден бастап өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен қатар мейірім мен мәдениет тән. Жалпы бір сөзбен айтқанда, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай. Ал қазіргі жастардың этикалық құндылықтары туралы не айта аламыз?
Заман ағымы бір орынында тұрған емес, соған сай қазіргі таңда біз экономика мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ата-баба арманы орындалып, зайырлы тәуелсіз мемлекетке айналдық. Бір мемлекетті жою үшін білім беру жүйесін бұзу жеткілікті, сол себепті дәл қазіргі сәтте жастардың білімге деген құштарлығына, техника тілін түсінулеріне баса назар аударылады. Соған сай, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Ойын еркін жетізе алатын, шаршы топ алдында пікірін нақ айтатын жас буын келе жатыр деп айта аламыз. Қазақ маңдайына жарық жұлдыз боп біткен ақын Ілияс Жансүгіров өз сөзінде:

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы. –дегендей, жас буының бойындағы талантты ашу, шығармашылыққа баулу, өзіңнің жолын табуға көмектесу - ел алдындағы міндет. 5


Сол міндетті қаншалықты орындап жатырмыз? Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастар жылында үкімет алдында жастардың жағдайын жасауға байланысты төрт ірі міндет қойған еді. « Жалпы, жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар жоқ емес, бар. Атап айтатын болсақ, «Болашақ» бағдарламасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Дипломмен ауылға» жобасы, «Серпін» бағдарламасы, «Жастар» тәжірибесі, «Жасыл ел» жасақтары, «Жайдарман» ойындары – бәрі жастар саясатына арналған жобалар. Бұлардың арасында көріп отырғанымыздай, жастардың әлеуметтік мәселесін шешетін бағдарламалар жоқ.» , - деп қаулыда да көрсетілгендей соңғы екі жыл ішінде жастардың әлеуметтік, қоғам ішіндегі мәселелеріне кең назар аударылып жатыр. Сонымен алға қойылған төрт міндетті жіктейтін болсақ, олар: жастарды баспанамен қамту, оларды кәсіпкерлікке баулу, сапалы білім беру, ерікті жастарға көңіл бөлу. Жалпы баспана мәселесі әр жасты алаңдатар жайт, сол себепті әр жасқа ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасы Президенттің тапсырмасымен қабылданды. Жалдамалы пәтерлерді алу үшін жастарға қойылған ең басты шарт – жұмысының болуы. Заман ағымына ілесу үшін де жастар бойындағы бәсекелестік қабілетін арттыру, кәсіпкерлікке баулу қажет. Сол себепті, «Бастау» оқыту жобасы, "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдармалары бойынша жұмыстар атқарылып, грант сандары екі есе өсуде. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» атты жаңа бағдарламаны құрастырып шықты. Бұған жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға қатыса алады. Бой салыстыратын емес, ой салыстыратын заманда табысты еңбек ету үшін сапалы білім алу қажет. Соған байланысты «Жас маман» бағдарламасы қолға алынды. Елімізде жастар үшін мүмкіндіктер мол екендігін осыдан байқауға болады.
Алма ағашында бір бұзылған алма болса, қалғаны да бұзылған деген сөз емес қой. Алайда, кейбір жастарға қарап « әттеген-ай » дейтініміз де бар. Жастар заман талабына сай боламыз деп, дүние жиюға ұмтылады. Сол материалдық байлық негізінде адамдар арасында бай мен кедей деп таптарға бөліну, кемсітушіліктер, асқан мақтаншақтық пен дүниеқоңыздық, кез-келген нәрсені ақшаға сатып алуға тырысуы сынды қасиеттер туындайды. Бұлар этикалық құндылықтарды аяқ асты таптап, мүлдем қарама-қайшы көзқарастарға әкеп соғады. Сонымен қатар, перфекционизмді, яғни идеал болуды дұрысынан түсінбей технологиялар өрбіп тұрған бүгінгі заманда, жастар идеал боп көрінген өзге адамға еліктеу мақсатында түрлі оталар жасатып түр келбетін, киім киісін, өзін-өзі ұстау мен сөйлеу мәдениетін өзгертіп кейде шектен шығып жатады. Әр нәрсенің екі ұшы болатыны сияқты, жастардың жетістіктері мен шешімін таппай келе жатқан мәселелері қатар жүріп келеді. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, ерікті болып көмек қолын созуға көп көңіл бөлінуде , жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері. Мысалы, бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің, күнделікті өмірде қоғамдық көліктерде болып жататын оқиғалар. Сонымен қатар, қазіргі жастар арасындағы «қазақылық» пен «заманауилық» ұғымдарын бір-біріне қарсы қою. Жалпы «қазақылық» деген түсініктің қалыптасуының өзі дұрыс емес. Өз салт-дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды ұстанып, ата-бабамыздың салған жолмен жүріп, заман ағымына ілесуге неге болмасқа?!
Ел мақтанышына айналған үлгілі жастар елімізде өте көп, сол жандардың біразына тоқталып өтсек. Көзі тірісінде еліміздің туын биік сан рет көтерген Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенді жатқыза аламыз. Ол кісі 2014 жылда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылы өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемипонатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлемдік сынның қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық додасының, 7-ші қысқы Азия ойындарының және Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Мұның бәрі Денис Тен жеткен жетістіктердің бірсыпырасы ғана. Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.. 2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады. 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты , «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзі бір төбе. Бабалар арманының орындалып жатқанына мысал болар жастардың көптігі жан қуанттады.
Қорытындылай келе, Елбасымыз бір сөзінде: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.» ,- дегендей қыранша самғап алар асуы, бағындырар белестері көп еліміздің қанатына айналу үшін эстетикалық құндылықтарға көп мән беруіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер
сілтеме:

  1. Massage.kz

  2. Ru.Essays.club

  3. Engrime.org

  4. Emirb.org

  5. Yevision.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет