Бөж тақырыбы: Діннің құрылымы, қоғамдағы қызметтері,түрлері және жіктелуі Қабылдаған: Оразбай. С


Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі41,07 Kb.
#117908
1   2
Байланысты:
БӨЖ сырты ДИ (3)

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді. Халқымызда «Жиғаныңа сенбе – иманыңа сен. Иманды адам – арлы адам. Имансыз адам – сорлы адам. Үстіңнің кірін – сабын кетіреді, жаныңның кірін – иман кетіреді», «Имандылық қастерлі қасиет», «Имандылық – инабаттылық айнасы», «Имандылық – ізгілік негізі» деген секілді тұрақты сөз тіркестері мен мәтел сөздер жетерлік. Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.Дін мен мемлекеттің арақатынасы деп әдетте діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынастары айтылады. Бірақ, бұл қатынастармен шектеу дұрыс емес. Мемлекет пен діни орындар қатынасы заң жүзінде бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» - делінген. Ал Конституцияда бірінші бабында Қазақстан «зайырлы» мемлекет деп жариялаған.
Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың 5-бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады»,- делінген. Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз. Әрине, бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.Мемлекетімізде іштей атеизмнің әлі тұғыры берік. Сырттан таңылып жатқан пікірді қолдай жөнеліп, елімізде ислам тым асқынып бара жатыр, мешіттер тым көбейіп кетті, қалаларда діни рәміздер басым, бұл зайырлы мемлекетке сәйкес емес деушілер кездеседі. Осылай мемлекетіміз дінге бой ұсынып бара жатыр деп те айтушылар бар. Елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекеттерде бұндай сөздерді ашық айтуға бармайды, оны әдепсіздікке санайды, ал ол елдерде діни ғибадатханалар, ай мен крестер де баршылық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. "Тараздан шыққан ғұлама" Діни білім - дін діңгегі Ш. Керім "Нұр-Мүбәрәк" баспасы 2012. 107б.
2 ."Тегі қазақ Мысырлық ғалым Насролла Мүбәшшир ат-Таразидың құнды мұралары хақында" Д. Есенжан "Ақиқат журналы" №2,2012. 49-50б
3. Тараздық тұлға Насрулла ат-Тарази, құраст: Ы.Палтөре ҚРОМА 2016
4. "Түркістан өткені мен бүгіні" аударған Ы.Палтөре ҚРОМА 2017

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет