Бөж тақырыбы «Ерекше физикалық қасиеттері бар қорытпалар. Қолдану саласы» Орындаған


Ерекше қасиетті болаттар мен қортпалар



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі28,72 Kb.
#128951
1   2
Байланысты:
Титулка по СРСП.docx Смаил А 22 01

Ерекше қасиетті болаттар мен қортпалар
Ерекше қасиетті болаттар мен қорытпалар класына өздеріне ғана тән сипаттамалы қасиеттерге ие және де сол қасиеттерге сәйкес практикада ерекше жағдайларда қолданылатын болаттар мен қорытпалар жатады. Өздеріне тән қасиеттеріне сәйкес болаттардың келесідей топтарын бөледі:
-Коррозияға тұрақты (тот баспайтын) болаттар мен қорытпалар
-Тозуға төзімді болаттар мен қорытпалар
-Белгілі магнитті қасиеттерге ие болаттар мен қорытпалар
-Электр кедергісі жоғары болаттар мен қорытпалар
-Ерекше жылулық қасиеттері бар болаттар мен қорытпалар
-Жоғары температураларда жұмыс істеуге арналған болаттар мен қорытпалар
Болаттар мен қорытпалардың қасиеттері олардың химиялық құрамы, күйі мен құрылымына байланысты. Аталған қасиеттердің пайдалы бағыттағы түбегейлі өзгерісі, тек болатқа едәуір мөлшерде легірлеуші элементтерді енгізу нәтижесінде орындалатындықтан, ерекше қасиетті болаттарға легірлеуші элементтердің жоғары құрамы тән. Егер осы жағдайда болат никель тобының элементтерімен легірленсе, біз аустенит классының болаттарын аламыз. Егер де болат хром тобының элементтерімен легірленсе, онда феррит классының болаттары шығады. Бұл екі классқа ерекше қасиетті болаттардың үлкен бөлігі жатады. Болатпен бірге, сонымен қатар, ерекше қасиеттерге кейбір легірлеуші элементтердің қорытпалары да ие, олардың құрамында темір аз мөлшерде немесе мүлдем болмайды; көміртегі болса зиянды қоспа ретінде болады. Сол себепті оларды болаттар деп санамай, ерекше қасиетті қорытпалар ретінде қабылдау керек. Егер болаттар бірдей қаттылыққа ие болса, онда ұсақ дәндерге ие болатынындай жоғары тозуға төзімділік болады.Шойын,Теңіз және теміржол көлігі мен траспортты көлік жасауда белгілі мөлшерде композициялық материалдар ретінде шойынды қолданады. Бірақ шойынның негізгі қолданысы – одан болат алу. Шойынды алу үшін бастапқы материалдар мыналар болып табылады: темір рудалары, жанармай мен флюстер. Шойындар домналық пештерде балқытылады.Домналық пештерде балқытылатын шойындар, қолданысына қарай, қайта жасалатын (передельные) және құйылатын (литейные) болып бөлінеді.Қайта жасалатын шойындар (ГОСТ 805-69) деп құрамында кремнийдің аз мөлшері мен марганецтің көп мөлшері болатын ақ шойындарды айтады. Олар болатқа өңдеуге арналады. Коксты қайта жасалатын шойын, марганецтің, фосфордың, күкірттің мөлшеріне қарай, топтарға, кластар мен категорияларға бөлнеді.Құйылатын шойындар (ГОСТ 2787-75) – құрамында кремнийдің жоғары мөлшері бар және шойынды құймалар өндірісінді шихталы материал ретінде қолданылатын әр түрлі құрамды сұр шойындар.Шойын – ең арзан конструкциялық металдық материал. Оның майысқақтығы төмен болғандықтан, одан детальдар тек құю тәсілімен алынады. Құймаларды сұр, мықтылғы жоғары және созымды шойыннан жасайды.Сұр шойын құрамындағы көміртегінің бірен-сараны немесе толығымен графит күйінде болатын, әр түрлі өлшемді пластинкалар формасын иеленетін темір негізіндегі қоспа болып табылады.Металдық негіздің құрылымына қарай, сұр шойын перлиттіге, яғни құрылымы перлит пен графиттен түратынға бөлінеді.Перлитті металдық негіздегі көміртегінің мөлшері эвтектоидты концентрацияға (0,8%) жауап береді. Мұндай шойын құймаларда механикалық қасиеттердің ең жақсы үйлесімімен ерекшеленеді.- ферритті-перлитті: құрылымы феррит, перрит пен графиттен тұрады. Ондағы химиялық түрде байланысқан көміртегінің мөлшері эвтектоидты конценрациядан аз болады. Мұндай шойынның қаттылығы төмен, бірақ өңделуі жақсырақ болады.-ферритті: құрылымы феррит пен графиттен тұрады. Мұндай шойынның құрамындағы көміртегінің барлығы дерлігі графит түрінде болады. Ол – ең әлсіз, бірақ кесумен оңай өңделеді.Шойынның құрылымы, болаттың құрылымынан, шойынға спецификалық қаситтерді хабарлайтын графитті қосылыстардың бар болуымен ерекшеленеді.Беріктіші жоғары шойын (ГОСТ 7293-79) – құрамындағы графит шар тәрізді формаға ие болатын шойын.Созымды шойын – ақ шойыннан, ұзақ судыру (отжиг) әдісімен, графиттің мақта тәріздес формалар алатын шойын. Одан детальдарды құю әдісімен алады. Созымды шойыннан тежегіш рукавтар бастары, локомоивтер мен вагондар букстарының қақпақтары, көлікке, теңіз техникасына қажетті детальдар қатары, трубаларға қажетті байланыстырушы бөліктер және т.б. жасайды.Темірдің көміртекпен құймасы (>2,14%) шойын деп аталады. Шойында көміртек цементит немесе графит түрінде болуы мүмкін. Цементит сыныққа ерекше жарық жарқыл береді.Сондықтан барлық көміртек цементит түрінде болатын шойын ақ шойын деп аталады.Графит сынық шойынға сұр түс береді, сондықтан шойын сұр деп аталады.Графит формасының тәуелділігінен шойындар келесілерге бөлінеді:сұр, жоғарғы төзімді және созымды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет