Бөж тақырыбы: Жай эфирлер



Дата05.05.2023
өлшемі73,02 Kb.
#90669

БӨЖ Тақырыбы:Жай эфирлер

Орындаған: Оразбаева Айман

Тобы: хим-био 20-1

Жоспары:

1.Атаулары

2.Изомерлері

3.Алу тәсілдері

4.Физикалық қасиеттері

5.Химиялық қасиеттері

6.Қолданылуы

Жай эфирлер молекуласындағы екі көмірсутек радикалы оттек атомы арқылы байланысқан қосылыстар. Жай эфирлердің жалпы формуласы:

  • Жай эфирлер молекуласындағы екі көмірсутек радикалы оттек атомы арқылы байланысқан қосылыстар. Жай эфирлердің жалпы формуласы:
  • R — О — R'.

Атаулары

Жай эфирлер оттек атомымен байланысқан көмірсутектердің аттары бойынша аталады. Егер екі бірдей радикал болса, ди- қосымшасы қосылады.

CH3-O-CH3 - диметил эфирі

CH3-O-C2H5 - метилэтил эфирі

Изомерлері


СН3 — O — CH2 — CH2 — CH3 - метилпропил эфирі
CH3 — CH2 — O — CH2 — CH3 - диэтил эфирі
C4H9OH - бутанол, т.с.с.
Жай эфирлердің оттекпен байланысқан радикалдар бойынша изомерлері болады. Сонымен қатар жай эфирлер жалпы формуласы СnН2n+2O бойынша спирттерге изомер болып келеді. С4Н10О-ның изомерлері:

Алу тәсілдері

Жай эфирлер табиғатта кездеспейді, оларды синтездік жолдармен алады.

Минерал қышқылы қатысында спирттерді молекулааралық дегидратациялап алады:

С2Н5ОН + НОС2Н5 → С2Н5 - О - С2Н5 (диэтил эфирі)

Алкоголяттарды галогеналкилдермен әрекеттестіріп алады:

C2H5ONa + СН3І → С2Н5 - О - СН3 + Nal (метилэтил эфирі)

Физикалық қасиеттері


Жай эфирлердің бастапқылары (диметил және метилэтил эфирлері) газдар, диэтил эфирінен бастап оңай буланатын сұйық заттар, жоғарғылары — қатты заттар, өздеріне тән иістері бар
Мысалы, этил спирті мен диметил эфирінің молекулалык құрамы бірдей — С2Н6O. Этил спирті сұйық зат 78,3°С-та қайнайды, ал диметил эфирі газ -24°С-та қайнайды.

Химиялық қасиеттері

  • Жай эфирлер — инертті қосылыстар. Олар гидролизденбейді. Концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырғанда, олар сульфат түзеді:
  • С2Н5—O—С2Н5 + H2SO4(конц.) → C2H5O-SO2-OC2H5+Н2O (диэтилсульфат)
  • Металл натрийді жай эфирмен қосып қыздырғанда, эфир ыдырайды:
  • С2H5—О—С2H5+ 2Na → C2H5ONa + C2H5Na

Қолданылуы

  • Диэтил эфирі — түссіз сұйықтық, өзіне тән иісі бар, ұшқыш, тез от алғыш. Жұмыс істегенде сақ, болу керек. Оны сақтаған кезде пероксидтер түзіледі. Суда нашар ериді (6%, 20°С). Әр түрлі органикалық қосылыстар диэтил эфирінде жақсы ериді, сондықтан еріткіш ретінде қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  •  Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет