Мүминдердiң көрген азабы Құрайш кәпiрлерi тек Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана қастандықтар жасап қойған жоқ, оған бой ұсынып, Ислам дiнiн алғашқы қабылдаған мұсылмандарды да зәбiрлеп, ашық қудалай бастады. Солардың бiрi Ясир ибн Имар және оның кәрi әке-шешесi, тағы да басқалар болатын. Қожайындары бұларды шыжыған күн астына жатқызып қойып, кеуделерiне ыстық құм басып азаптады. Мұны көрген Пайғамбарымыз: “Ясир ұрпақтары сабыр етiңдер сендердiң Ақыреттегi орындарың жәннаттың төрi”, –дедi. Мұндай ауыр азапқа шыдай алмаған Ясир ибн Имардың анасы көп ұзамай қайтыс болады. Бұл кiсi Ислам дiнi үшiн Аллаһ жолында шәһит болған тұңғыш мұсылман саналады. Бұлар сияқты отпен, қызған темiрмен, таспен, құммен азапталған, сондай-ақ, ауыр соққыдан, аштықтан және қамауда бейнет шегiп өлген мұсылмандар да аз болмады.
Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул.Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi
Бұл ғажайып iстi Аллаһ Та`ала пенделерiнiң иманын тексеру үшiн әдейi жасаған болатын. Яғни Пайғамбарымыздың осы iсiне кiм сенедi, кiм сенбейдi, соны анықтап адамдардың көзiн жеткiзу үшiн Өзiнiң құзырына сай ғаламат жасады. Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызды бiр түнде (бұл түн қазiргi Һижра айпарағындағы 26-27 раджаб айына тура келедi) Меккедегi Мәсжидул-Харамнан Құдыстағы, яғни қазiргi Иерусалимдегi Масжидул Ахсаға жеткiзген болатын. Бұл туралы Құран Кәрiм былай дейдi:
“Аллаһ – пәк. Тағылымдарымыздың тамаша дәлелдерiн көрсету үшiн Ол бiр түнде Өз пендесiн (Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,) Мәсжидул-Харамнан төңiрегi тұнған байлық – Мәсжидул-Ахсаға алып келдi. Аллаһтан бiлгiр,Одан көреген ешкiм жоқ”. (Исра 17:1). Мұнан соң Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Байтул-Махдистен пыраққа мiнiп, жетi қат көкке көтерiлдi. Онда барған соң, Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға және оның үмметiне күнiне бес уақыт намаз оқуды парыз еттi. Соңыра Расулуллаһ сол пырақпен қайтадан Меккеге оралды. Мiне, осылардың бәрi небәрi бiр түннiң iшiнде болған оқиғалар едi.
Таң атқаннан кейiн, Расулуллаһ өзiнiң қауымына түндегi көрген-бiлгенiн баяндап бердi. Құрайш руының кейбiр адамдары бұған сендi, ал базбiрi бос сандырақ деп қарады. Кейбiр иманы нашар адамдар бұл туралы Пайғамбарымыздың өз аузынан естiген соң, Ислам дiнiнен бас тартты.
Бұл оқиға жұртты екiұдай күйге түсiрiп, қызу пiкiрталас тудырды. Сосын көпшiлiк бубәкiрге барып, оның жеке пiкiрiн сұрады. бубәкiр жиналған қауымға мен ол айтқан нәрселердiң бәрiне сенемiн”– деп жауап бердi. Сол күннен бастап жұрт оны бубәкiр Сыддық деп атай бастады.
Пайғамбарымыздың сөзiне сенбеген кәпiрлер қауымы жиналып, оның айтқандарының рас-өтiрiгiн тексерiп, сынап көрмекшi болды. Олар Мұхаммедтен, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алдымен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн сипаттап беруiн сұрады. Өйткенi олардың арасында Байтул-Махдистi көргендерi, оның iшi-сыртын жақсы бiлетiндерi бар едi. Пайғамбарымыз iркiлместен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн қолмен қойғандай ғып тәптiштеп айтып бердi. Кәпiрлер мұны өтiрiк дей алмады.