Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Мұхаммед пайғамбар өмір жолы
Қабылдаған: Аға оқ. Бейсенов А.
Орындаған: ЖХМ-111 Бейсенбай С.
Жоспар:
Балалық шағы
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қысқаша өмірбаян
Ағынан ақтарылу
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басшылық қасиеті
Өмір жолы
Расулуллаһтың сәбилiк шағы
Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы
Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы
Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттер
Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул.Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi
Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы
Пайғамбардың Құбаға жетуi
Пайдаланған әдебиет
Балалық шағы
Мұхаммед 570 ж. Раби әл-әууәл айында дүниеге келген. Сол кезде ең маңызды тайпалардың бірі боп есептелген Бану Хашим тайпасында бола-ды. Алайда Мұхаммедтің туған уақытында тайпасының хәлі өте жақсы болмаған делінеді. Әдетте Мұхаммедтің туған жылын Піл жылымен байла-ныстырады. Сол жылы Аксум патшасы, Абраха, ішінде бірнеше пілі бар әскерімен Меккеге шабуыл жасайды. Бірақ әскер ауруға ұшырап шабуыл сәтсіз аяқталып, содан бері сол жыл арабтарда Піл жылы деп атанған. Бұл оқиға 568-569 жж орын алды деген көзқараста білдіріледі.
Мұхаммедтің әкесі, Абдуллах, баласының туғанына 6 ай қалғанда қай-тыс болады. Сол заманда, шөлдегі өмір нәресте денсаулығы үшін пайдалы деп есептелінгендіктен, Мұхаммед Бедуин тайпасына тәрбиеге беріледі: екі жасына дейін Халиман бинт Аби Дуяб пен оның күйеуі асырайды. Мұхаммедтің анасы, Әмина, аурға шалдығып, бала алты жасында болғанда қайтыс болады. Әке-шешесінен айырылып, жетім қалған Мұхаммедті өз қамқорына атасы Абд әл-Мутталіб алады. Бірақ екі жылдан кейін атасы да дүниеден өткесін, бала ағасы Әбу Талібтің қолында қалады. VI – шы ғасыр соңында Мекке маңызды сауда орталығы болатын. Сонымен қатар, араб құдайларының ғибадатханасына айналған Қағбада Меккеде орналасады. Қажылық кезеңінде көптеген тайпалардың саудагерлері қалаға келіп жина-латын. Мұхаммед бала кезінен ағасына еріп, Сирияға сауда етуге сапар шегетін болады. Жетім болған Мұхаммедке саудагер болудан басқа жол болмайтын.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қысқаша өмірбаяны.
Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) 571 жылдың (ешкім нақты қай күн екенін білмейді, ғалымдар арасында ана күні, мына күні деген күндер көп. Нақты күнді білмеу мұсылмандарға насихат Алладан болған. Өйткені бұл күнді тойлап адамдар дінге жаңалық енгізіп, оның соңы Аллаһқа серік қосуға апаруы мүмкін), дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келді. Әкесі – Абдуллаһ, анасы – Әмина. Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммі Әйман да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ибраһимнің (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дұғасын алған. Иса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Әмина оны түсінде көр-ген. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылмай тұрып, әкесі ауырыпкөз жұмған. Мединеде жерленген. Сондықтан ол әке-сін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын аралатып, әкесінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Меди-наға апарды. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атасы Абдулмұтталибтың шешесі Сәлима мәдиналық болғандық-тан, сол жақта туыстары тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиға-ның ауласында еді. Хазреті Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті Пайғамбармыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман Пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеге әкеліп, атасының қолына табыстайды.
Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумүттәлібтің тәрбиесінде болды. Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді. Көкесінің қойларын бағып, зыр жүгіріп үйдегі жұмыстарға да қолғабыс тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге түседі.
Жиырма бес жасқа келгенде хазіреті Хадиша (р.а) анамызға үйленді. Ол кезеде Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ел ішінде сенімділігі мен таны-малдылығы үлкен рөл ойнайды. Отыз бес жасында Қағбаға тасты қоюға та-ласқан тайпалар арасын татуластырды. Әділ төрелік етті. Олардың арасын-да тұтанғалы тұрған қақтығысты болдырмады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қырық жас-қа жақындағанда елден жырақ кетіп, жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы!» деген аяттар түсті. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған «Пайғамбарлық» міндет жүктелді.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шақы-руымен Ислам дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р.а), Әли (р.а), Харисұлы Зәйд (р.а) және Әбу Бәкір (р.а) қабылдады. Артынша хаз-реті Оспан (р.а), Ауфұлы Абдуррахман (р.а), Әббууаққасұлы Саад (р.а), Талха (р.а) мен Зүбәйрлер (р.а) тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашқыда Пайғамбарымыз (ғ.с.) және оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен әйелі Сүмәйя Аллаһ жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл (р.а), Әбу Фуқаһа (р.а), Әратұлы Хаббаб (р.а) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис (р.а), Нәхдия (р.а) мен Зиннира (р.а) секілді әйел мұсылмандардың да басына қайғы бұл-ты үйірілді.
Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а) мен Омар (р.а) сияқты нағыз қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұылмандар Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсатымен Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылман-дарды оқшаулап жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарғысы жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тый-ым салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хаз-реті Хадиша (р.а) мен Әбу Тәліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Өйткені, олар беделді де, абыройлы Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз (оған Аллаһ-тың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне қолдау іздеп Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап, үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап әрең аман қалды. Осындай аса қиын-қыстау кезеңде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәле-мі болсын) өмірінде «Миғраж» оқиғасы орын алды. Аллаһ тағаланың құзы-рына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей өзінен естіп-біліп қайтты. «Исра» сүресінің 22-39 аяттарында айтылатын 12 бұйрықта осы түні түс-кен болатын.
Қиындыктардын ешқайсысына мойымай Аллаһтың елшісі (оған Аллаһ-тың игілігі мен салемі болсын) Исламды уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл өткенде «Ақаба анттары» қабылданды. Артынша-ак, Аллаһ тагаланын аян беруімен пайгамбарымыздың (c.ғ.с) нұсқауымен мұ-сылмандар Меккеден Мединаға көшті. Хижра жыл санауы осылай бастал-ған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сә-лемі болсын) Әбу Бәкірді (р.а.) ертіп Меккеге жол тартады. Пұтқа табыну-шылар олардың ізін өкшелеп Сәуір үңгіріне дейін куып барады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) Меккеден Мединаға көшкен мұсылмандарды-мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын бер-ген мәдиналықтарды (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылман-дар арасында Бадір, Ұхуд, Хандақ, Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар бол-ды. Медине маңайын бұрыннан мекен етіп келе жаткан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсыл-мандармен тістесіп, тіресуін қоймайды. Үнемі арадағы келісімдерді орын-дамай бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады. 630 жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі туылған Меккеге қайта басып кіргенде Пайғамбары-мыз (оған Аллаһтың игілігмен салемі болсын) өзіне жаманшылық жасаған-дардың барлығын кешірді.
Аллаһ елшісі (Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөз Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүй-ікті пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйнде оқылып, ол жерге арулап жерленді.
Ағынан ақтарылу
Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар туралы
«Мен мынаны мойындаймын: Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау – ғылымды түгел-дей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір – ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдында құрметпен бас ием» Пренс Отто Вон Бисмарк.
«Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу болды. Өйткені, мұны Жаратушның өзі оған бұйырған». Томас Карлиль.
«Мұхаммедтің ақыл – парасаты патшалық сән – салтанаттың өзін түкке тұрғысыз, өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызме-тші секілді от жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін «мытып», таза табиғи қалпынан ау--май – ақ, тақуа ғұмыр кешті». Эдуард Гиббон.
«Ол мемлекеттің де мешіттің де басшысы. Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа десе болады. Бірақ бітімі бөлек. Папаның жасандылықтарынан аулақ Па-па, арнайы қорғаушысы, тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты кірісі жоқ Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, Құдайлық негізге сай үкім берген бір жан болса ол сөзсіз Мұхаммед болып шығады. Өйткені, ол ең мықты бола тұра күшті-лікке елеусіз қарады. Өмірі қаншалықты қарапайым болса, халықтың ара-сында да сол әдетінен айныған жоқ. Мұхаммедтің дінінде барлық нәрсе басқаша. Ол жайындағы тарихи мәліметтер көлеңкелі, қалтары – бұлта-рысты емес, барынша айқын. Оның өзі міндетін бастауындағы ішкі жағда-яттары да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән келтірмейтіндігі Құран арқылы қуатталған». Реверед Босуорт Смит.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басшылық қасиеті.
Мединаға һижрет етумен қатар басталған жаңа қоғамдық құрылыстың өзіне тән қиындықтары бар болатын. Бұл қиындықтарды жеңу белгілі бір ұстанымдарды негізге алуды қажет етті. Осы ұстанымдардың бірін Құран Кәрім: «Аллаһ сізге жеңілдік тілейді, қиындықты қаламайды», (Бақара сүресі, 185) – деп белгілейді. Әлгі ұстанымдардың ішінде ең маңыздысы – жеңілдікті таңдау болатын. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі қо-лайлы жолды қалайтын. Оның осы таңдауы Пайғамбарлық міндетінің сәтті жүзеге асуына жағдай жасады. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) сахабаларына үнемі шамалары келетін міндетті жүктейтін. Хазіреті Айша анамыз: Мединаға һижрет етумен қатар басталған жаңа қоғамдық құрылыстың өзіне тән қиындықтары бар болатын. Бұл қиындықтарды жеңу белгілі бір ұстаным-дарды негізге алуды қажет етті. Осы ұстанымдардың бірін Құран Кәрім: «Аллаһ сізге жеңілдік тілейді, қиындықты қаламайды», (Бақара сүресі, 185) – деп белгілейді. Әлгі ұстанымдардың ішінде ең маңыздысы – жеңіл-дікті таңдау болатын. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі қолайлы жолды таңдайтын. Оның осы таңдауы Пайғамбарлық міндетінің сәтті жү-зеге асуына жағдай жасады. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларына үнемі ша-малары келетін міндетті жүктейтін. Хазіреті Айша анамыз: «Расулуллаһ (с.ғ.с.) сахабаларға бұйрық бергенде, әрдайым атқарылуы оңай істерді әмір ететін», - деп баяндайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сөзінде: «Сіздерге бір нәрсені тиым салсам, міндетті түрде одан қашыыздар, бір нәрсені бұйыр-ғанымда шамаңыз келгенше оны орындауға тырысыңыз», - деген. Аллаһ Расулы (с.ғ.с.) үнемі айналасындағы адамдардың жаағдайын ойлап жүре-тін.
Өмір жолы
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!
Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы Абдул – Мүтәліп немересі милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбі күні дүниеге келген. Бұл Әижра есебіндегі - рәбиғул – әууәлдің тоғызыншы немесе он екінші күніне тура келеді. Пайғамбарымыздың ата – тегін тізе берсең хизаж арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тіреледі.
Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секілді т.б. бірнеше қосалқы аттары болған. Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахабқызы Әмина. Ол құрайыш руының ішіндегі құрметті адамның қызы болған. Расулдың әкесі Абдулла бірде Иасрибке (қазіргі Медине қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтс болады да, сол жерге жерленеді. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлі жарық дүниеге келмеген, анасы-ның құрсағнда еді. Расул дүниеге келетін жылы Піл оқиғасы аталып кет-кен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазіргі Эфиопия) патшасының уәзірі әрі атақты қолбасшысы АбраАлә дкнке кісі Сана қаласында (қазіргі Иемен мемлекетінің астанасы) үлкен шіркеу салдырады. Шіркеу өте биік, басына қараған адамның тақиясы жерге түседі екен. Осы кәнисаны сал-дырп болғаннан кейін, АбраӘла мың сан жаужүрек әскерлерін пілдерге мінгізіп, Меккеге қарай жолға шғады. Ондағы мақсаты – қасиетті Қағбада-ғы «Қара тасты» күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзі салдыр-ған зәулім кәнисаға орналастыру. Сөйтіп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетін Сана қаласына қарай бұру еді. Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдіреті Күшті Аллаһ Та’аланың әмірімен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтеріледі де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектерді жауын-герлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердің басынан кіріп, аяғынан бір – ақ шығып отыра-ды. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерін кері бұрып, бас сауғалап қашады. Пілдер дүркіреп кейін шегінеді. Өзінің сұм мақсатына жете алмаған АбраӘла ернінен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетіп кері қайтады. Сөйтіп атақты қолбасшы «жырық ерін ӘбпаӘла» аталып кетеді. Бұл оқиға туралы Құран Кәрімнің «Піл» сү-ресінде былай деген: «Піл иелерін Тәңірінің қалай еткенін көрген шығар-сың? Олардың қулық – сұмдықтарын күл – талқан етпеді ме? Оларға Тәңірі топ – топ құстарды жіберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтіп оларды дәні желінбеген сабандай етіп тастады». (Піл 105:1-5).
Расулуллаһтың сәбилік шағы
Пайғамбар(с.ғ.с) туылатын жылы Йемен билеушісі Абраха Қағбаны бұзбақ ниетпен үлкен әскер жиып келеді. Әскердің соғысқа үйретілген көп пілі болатын. Әскер Меккеге жақындағанда пілдер алға бір қадам аттап баспай қояды. Пілдер басқа бағытқа оңай жүргенімен, дәл Қағба жаққа қарай қанша айдаса да жүрмей қояды. Алла Тағала Абраханың әскеріне құстарды жібереді. Құстар оның әскеріне тас жаудырып, қысқа уақытта қатты береді. Бұл оқиғаны Алла елшісінің туылуымен байланыстырады. Бұл оқиға туралы Құранда айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бала кезінде жетім қалады. Осылай жаратушы Алла барлығына Пайғамбарының ешкім-нің тәрбиесіне мұқтаж еместігін көрсетсе керек. Ол Оның ерекше Пайғам-бар (с.ғ.с) екенін және оның дүниеәуи мақсаттары жоқ екенін анық дәлел-дейді. Оның мақсаты тек Алланың дінін тарату, насихаттау болатын. Ол кездері арабтар жас бала-ларын дені сау, шымыр болуы үшін бедуин тайпасының әйелдеріне емізуге беретін. Бедуиндер тұратын жердің табиғаты жайлы, ал Меккеде аптап ыс-тық болатын. Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с) өзінің анасы Әмина және сүт аналары Сувайбат, Мунзирдің қызы Хавлат, Умму Айман, Халима емізген. Бәрінен көп емізгені Халима. Сол үшін ол көп жақсылыққа ие болған да. Мұхаммед Пайғамбарлықты (с.ғ.с) алғаннан кейін Халима Исламды қабыл-дайды. Халима Мұхаммедке келгенде ол орнынан тұрып, үстіндегі шапанын шешіп жерге жайып жіберіп, сүт анасын соған отырғызып құрмет көрсетеді екен. Мұхаммедті емізген уақытында Халиманың отбасында тек жақсылық-тар болған, төрт түлігі сай болып, әулетінен әлдекім ауырып қалса кішкентай Мұхаммедтен шипа табатын. Құрғақшылық кезінде олар кішкентай Мұхаммедті далаға алып барып Жаратқаннан жаңбыр сұрайтын, сол кезде Жаратқан Мұхаммед үшін оларға жаңбыр жаударатын.
Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы
Аллаһ Та’ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, жұртқа ибадатты жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Ислам дінін қабылдаған ең бірінші адам – Хуайладқызы Хадиша анамыз болды. Кейін басқа да көптеген адамдар осы дінді қабылдады. Арада көп уақыт өтпей – ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады. Мұны естіген құрайыш руының басшысы бужәӘіл бұл жүгенсіздікті тыйып, оларды райынан қайтаруға белсене кірісті. Ол Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, «Сен әкеңнің дінін тастап, басқа дінді артық көргенің не? Бұл райыңнан қайт», - деді. Бірақ Пай-ғамбарымыз алған бетінен таймайтынын ашып айтты. Содан бастап бужәӘіл оған дұшпандық ниетте болып, адамшылыққа сыймайтын ауыр сөздермен балағаттап, тіпті орынсыз жала жауып, қолынан келгенше қарсы әрекеттер жасап бақты. Пайғамбарымыз оның мұндай пасық қылықтарына сабырлы-лық танытып, өз ісін одан әрі жалғастыра берді. Бұл жолда ол айтарлықтай табыстарға да қол жеткізе бастады. Бұл Мұхаммедтің, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Ислам дінін зорлықсыз, қантөгіссіз, халықты үгіттеу арқылы тара-туды мақсат еткенін көрсетеді.
Ислам дінін ашық насихаттауға көшу.
Ислам дінін жасырын уағыздау тұп – тура үш жылға созылды. Төртінші жылы Аллаһ Та’ала Пайғамбарымызға Ислам дінін ашық насихаттауды бұйырды. Тәңірінің әміріне бой ұсынған Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Сафа тауына шығып: «Ей, АбдулМүтәліптің баласы, ей, Әбдіманап-тың баласы» - деп, өз жақтастарының аттарын атап шақыра бастады. Мұны естіген жұрт «бұл не дауыс?» - деп таңданды. Аты аталғандар жинала келсе, үлкен топқа айналды. Жиналған жұртқа Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, тыстарының бірі Пайғамбарымызды балағаттап жаман сөздер айтты.
Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы
Ислам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын. Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллаһқа иман келтiруге, Аллаһтың жердегi Елшiсi – өзiне бой ұсынуға шақырды. Оның мұндай “өрескел” қылықтары жандарына жақпаған қауым Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мәжнүн, өтiрiкшi, сиқыршы деген өсек жайып, жұрттың одан аулақ жүруiн талап еттi. “Оның айтып жүрген насихатының бәрi бұрынғы бабаларымыздан қалған ертегi-аңыздарға ұқсас бос нәрселер” деген сөз таратты. Әрi-берiден соң оған иман келтiрiп, соңына ерген адамдарды айнытып, терiс жолға салуға да әрекеттендi. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi де нәтиже бермедi. Бiрте-бiрте Ислам дiнiне сенушiлердiң саны көбейiп келе жатты
Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттері.
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы шыққан халықтардың қоқан-лоққысына, олардың айтқан балағат сөздерiне көңiл аудармай, Ислам дiнiн насихаттау iсiн жалғастыра бердi. Бiрте-бiрте Аллаһқа иман келтiрiп, оның соңына ерушiлердiң саны арта түстi. Ендi құрайш ұлықтары шындап саса бастады. Бiраз уақыттан кейiн олардың қарасы мүлдем көбейiп, бұл жаңа дiн жалпақ жұртқа жайылып, бой бермей кететiнiне көздерi жеттi. Сондықтан қалайда олардың жолын кесiп, Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алған бетiнен қайтару керек болды. Өзара кеңес құрған құрайш ақсақалдары Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы батыл әрекеттерге көшу керек деген ұйғарымға келдi. Бiр күнi олар бәрi жиналып келiп, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай дедi:
– Ей, Мұхаммед, бiз сенiмен сөйлесуге арамыздан бiр адамды жiберiп едiк, бiрақ сен оны тыңдамадың. Керiсiнше, бабаларымызды айыптап, дiнiмiздi қорладың, құдайымызды балағаттадың, өзiмiздi ақымақ етiп, халықтың арасына жiк салдың. Сенiмен арамыз ажырады. Алда-жалда райыңнан қайтам десең, әлi де кеш емес. Егер iздегенiң байлық болса, бәрiмiзден асқан бай болғаныңша қалағаныңды берейiк, егер тiлегенiң ұлықтық болса, оны да орындаймыз. Ал бiздiң құрметiмiзге бөленгiң келсе, райыңнан қайтпай, ол ниетiңе жете алмайсың, бiз саған лағнет айтып, қарғыс жаудырамыз. Сенiмен ашық жауласамыз.
– Мен сiздер айтып отырған байлықты, ұлықтықты, құрметтi ойлап та, iздеп те жүрген жан емеспiн, – дедi Мұхаммед. Мен – Аллаһтың сiздерге жiберген шын Елшiсiмiн. Аллаһ маған сiздерге ненi жеткiз десе, соны жеткiзушi ғана-мын. Егер ықылас қойып, қабыл алсаңыздар, менiң сөздерiм сiздерге екi дүниелiк бақыт әкеледi. Мен тек Аллаһтың бұйрығын орындаушымын, менiң еркiм Аллаһтың қолында.
– Ендеше, осы екi дiндi қатар қабылдап, екi құдайға кезектесiп, табынайық. Яғни бiздер бiр күнi Аллаһқа бас ұрайық, бiр күнi сен бiздiң құдайымызға та-бын, – деген шарт қойды олар. Сонда Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уәсәллам, мына аяттарды нәзiл қылды: “Ей, кәпiрлер! Сендер табынатын пұтқа мен табынбаймын. Мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер де ғибадат етпейсiңдер. Сендер шоқынған пұтқа мен шоқынған жоқпын, мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер ғибадат еткен жоқсыңдар. “Сендердiң дiндерiң өздерiң үшiн, менiң дiнiм өзiм үшiн”– де.(Кәфирун 109:1-6) Мұхаммед алейһи уә сәллам, Аллаһ Та`аланың сөзiн кәпiрлерге бұлжытпай жеткiздi.
Достарыңызбен бөлісу: |