Бөж тақырыбы: Саяси шиеленістер және дағдарыстардың ерекшеліктері, олардың түрлері. Орындаған: Тінейбай а тобы: фақ111-а қабылдаған: Алия Нысанбаева Жоспар



Дата29.04.2023
өлшемі25,46 Kb.
#88444

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ


БӨЖ
Тақырыбы: Саяси шиеленістер және дағдарыстардың ерекшеліктері, олардың түрлері.

Орындаған: Тінейбай А


Тобы: ФАҚ111-А
Қабылдаған: Алия Нысанбаева

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Саяси жанжал түрлері
Саяси жанжалды шешу жолдары
Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

  1. Қорытынды

Кіріспе
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды.Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді.Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. Шиелініс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, қөзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Шиеленіске адамзат өте ертеден ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б 7-6 ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң жане теріс бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті.


Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген-марксизм. Маркс пен Энгельс Коммунистік партияның манифесінде: ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антогонистік болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы жане қозғаушы күші деп есептеді.Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.
60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф қоғамның дау-дамайлық үлгісін алға тартты. Ол “Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер” деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол бермейді делінген. Американдық әлеуметтанушы Кеннет Баулдинг шиеленістің жалпы теориясын жасады.Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер қозғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды жке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп,өз еріктерімен орындағанда билік.Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынандай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әртүрлі қылмыстары, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап. Дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шесілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абзах шиеленістері сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді.Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін.Сондықтан шиеленісті шешу керек.Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін.Біріншісі, қоғамның таза даму қисынына сәйкес келмегендігі өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді.Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып- жансып құрту, жою арқылы құтылғысы келді.Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамша түсінік туады.Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады.Оның екі жолы бар.
- Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады.Онда екі жақ бір-юірін ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
- Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі-келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін жане т.б. зерттеп білген жөн.
Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды оппозицияның бар-жоғына байланысты. Бұрынғы кеңес заманында көппартиялық пен оппозияцияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажет шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозияцияда әр топтың талап-тілектері, қөзқарастары ескеріледі.Сондықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура қалады деп тегін айтпаған.
Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуі тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі-араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғузу. Екіншісі- барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру.
Америкалық саясатшы Г.Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі тиіс деген. Батыстың тәжрибесі жеке адамның еркіндігіне, қоғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын.Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелегентүрі ғана қиратып, бүлдүруге әкеледі. Олай болиау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси жане қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясатшы Сеймур Липсет(1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы-халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның сая мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім артса, беки түседі.Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі. Біраз жағдайларда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағыларға әр түрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынандай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін.Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
1.Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2.Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, не істесең соны істе деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3.Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылыбейбіт жолмен шешу.Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімшілік білдіріп, ымыраға келуін айтады.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып өзара кешірімдік жасап, ортақ келісімге келісуге тырысады.
4.Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
5.Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз епіктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конститутциялық тәртібін жане т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады. Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі жане шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау
Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институтцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының денгейін көрсетеді.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әсери топтың қолында болады. Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтардың қолында, жергілікті жердің ой-армандарымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шектеледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктерді мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.
Саяси процеске қатысу түрлері
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:
1. саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы
2. азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Бірінші, институтциолданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі-сайлауға қатынасу. Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Бұл-заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында салушыларға жасалған тікелей үндеу.
Референдумның бір түріне плебсцит(латынның қарапайым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа, шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке жасау жатады. Бұқаралық жиналыс-бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Шеру(демонстрация)-белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Ереуіл-саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді.

Қорытындылай келе, Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген, ой-өрісі кең, әлемдегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға, бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қатысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді. Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуді. Сонымен қатар қасыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуң және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.


Сонымен, қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ыққпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілуі деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі- оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет