Қорытынды
Қорытындылай келгенде, тіл – қоғамның айнасы. Қоғамдық өзгерістер мен
дамулар тіл арқылы жүзеге асып, көрініс беріп, хабардар болып отырады. Тілдің
дамуына әсер ететін экстралингвистикалық фактор да қоғамдық жағдайлардан
туындайтыны сөзсіз. Бірақ тіл мен қоғам дамуының заңдары басқа. Тіл мен
қоғам арасында болатын қарым-қатынас-өте күрделі көпқабатты, кең салалы
проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар қатарына: тілдің
табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы
тарихымен бірлігі, тідің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық
формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік
сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам
мәдениетімен, ғылыми техникалық прогреспен қарым –қатынасы, олардың
тілдегі көріністері , тілдер араларында болтан қарым-қатынастар, халықаралық
қарым-қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары,т.б. Тіл, қоғам
ұғымдары – бірін-бірі дамытып отыратын, біріне-бірі әсер етіп отыратын
үздіксіз үдеріс. Қоғамның (ұжымның) пайда болуы тілдің шығуына, тілдің
пайда болуы қоғамның дамуына ықпал еткені сөзсіз. Осыдан тілдің қоғамдық
қызметі келіп туындайды.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, тіл
саясаты, қостілділік, көптілділік, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық
қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады.