Бөж тақырыбы



бет3/3
Дата13.10.2022
өлшемі76,5 Kb.
#42849
1   2   3
Қорытынды
Теломерлік қайталанулардан ешқандай генетикалық ақпарат болмайды, сондықтан да теломерасыз олардың біршама бөлігі түсіп қалған күннің өзінде де геном бірқалыпты қызмет ете береді. Теломердің негізгі қызметінің өзі де осы болса керек, яғни олар геномның маңызды бөлімін толық репликациялаудан қорғап, буферлік қызмет атқарады. Әйтсе де, теломеразадан біржола бас тартуға болмайды, себебі жасушаның бөліну үдерісінде күндердің күнінде ДНК – ның теломерлік участкілері қысқарып жойылуы мүмкін. Сонымен қатар теломерлік учаскілер ерекше, арнайы қызметтер де атқарады. Сондықтан ол белгілі бір шекке дейін ғана қысқарады.
Жасушаның әр бөлінуі түзілген жас жасушалардағы хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың толық жойылып, бірте – бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жойған болар еді, бірақ бұл мәселе теломера және теломераза ферментінің көмегімен шешіледі. Теломера хромосомалардың ядро ішінде дұрыс бағтта қозғалуына қатынасады. Теломераза ферментінің қатынасуымен ұштары үзіліп қалған хромосомаларға жалғанып, олардың қызметін қалпына келтіреді. Мысалы α-талассемиямен ауру адамдарда 16 – хромосоманың ұзын иінінің үзіліп қалған ұшына теломера жалғану арқылы α- глобиндік геннің қызметі қалпына келтіріледі. Гендер активтілігіне әсер етеді. Теломералармен қатар орналасқан гендерде активтілік әдетте төмен болады, бірақ теломералардың қысқаруы оларға жақын орналасқан гендердің активтілігін жоғарылатады.
Теломералар осындай қызметтер атқару арқылы хромосомадағы тұқымқуалау ақпаратының ұрпақтан – ұрпаққа берілуіне қатысып, ағза үшін маңызды рөл атқарады.
Қолданылған әдебиеттер


  1. С.А.Әбілаев “Молекулалық биология және генетика” Шымкент-“Асқарлы баспа” 2008 ж

  2. «Молекулярная биология» Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С. Л.

  3. «Измени свою ДНК, измени свою жизнь» Роберт Джерард, «София» 2006

  4. Жимулев И.Ф. Соросовский образовательный журнал.1997 ж. № 1 (басылымда)

  5. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. «Молекулалық биология негіздері», Алматы, 2008 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет