Бөж тақырыбы:Қазақ халқы тілінің дамуы. Орындаған: Батыр Фариза Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа Мамандық: 6В02336-Қазақ Филологиясы Тобы: ФҚФ-211 Түркістан,2022 Жоспар: I. Кіріспе II


Қазақ тілінің шыққан тегі және түркі тілдерімен байланысы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі165,87 Kb.
#134603
1   2   3   4
Байланысты:
СРС тарих

1.Қазақ тілінің шыққан тегі және түркі тілдерімен байланысы
Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі 
тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркі тілдері, қазіргі 
түркология қолданып жүрген, қалыптасқан көзқарас бойынша, алты түрлі 
дәуірді бастан кешірген. Н.А.Баскаков бұл дәуірлерді былай атайды: Алтай 
дәуірі (б. з. д. III ғасыр), Хун дәуірі (б. з. д. III ғасырдан — б. з. V ғасыр), 
Көне түркі дәуірі (V—X ғасырлар), Орта түркі дәуірі (X—XV ғасырлар), 
Жаңа түркі дәуірі (XV—XX ғасырлар). Түркологияда қазақ тілі түркі 
тілдерінің, біршама «жаңа» деп қаралатын тобына жатқызылады. Олай 
болатын себебі: қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болса да, 
«қазақ» деп аталатын біртұтас халық XV—XVI ғасырларда барып 
қалыптасады. Қазақ тарихының осы ерекшелігін ескерсек, қазақ тілінің 
тарихи кезеңдері мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі 
дәуір,— бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін 
созылады, екі түрлі белестен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2) 
Түркі бірлестігі дәуірі, екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі 
(V—X ғасырлар). Орта түркі кезеңі (X—XV ғ. б.). 3) Қазақ халық тілінің 
даму дәуірі (XVI—XVIII ғасырлар). 4) Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі 
(XIX ғасыр). «Алтай дәуірі» дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі «алтай 
гипотезасымен» байланысты қойылған атау.Алтай дәуірінде негізгі бір 
ататілден шыққан түркі және моңғол,тұңғыс-маньчжур тілдері бір-бірінен 
ажырай бастаған. Бұл дәуір — тарихқа дейінгі дәуір. Бұл дәуірде әлі аты 
белгілі халық та, ру да жоқ. Дұрысында, бізде ондай мәлімет жоқ. Екінші 
кезең «Хун дәуірі» деп аталатын мерзім. Хун дәуірі деп атау біздің 
заманымыздың алғашқы жылдарында өмір сүрген Хун империясына 
байланысты.Хун империясы Орталық Азиядан Шығыс Европаға дейінгі 
ұлан-байтақ территорияны мекен еткен түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур 
тектес тайпаларды біріктірген қуатты мемлекет болған. I ғасырда империя 
ауызбіршіліктің жоқтығынан, сондай-ақ көршілердің әсерімен де екіге: Батыс 
және Шығыс Хун мемлекеттеріне ажырайды. Бұл жіктеліс түркі 
тайпаларының кейінгі дамуына үлкен әсер етті, мемлекеттің батыс бөлігіне 
қараған рулар мен тайпалардың кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, 
мемлекеттің шығыс бөлігінде қалған рулар мен тайпалардың кейінгі дамуы 
бірыңғай болды. Сөйтіп түркі тілдерінің (халықтарының да) қазіргі батыс 
және шығыс топтарының қалыптаса бастауы Хун империясынан 
басталады.Хун империясы — түркі тілдерінің тарихи дәуірі. Қазақтың халық 
тілінің этногенездік құрамы да осы дәуірден бастап назар аударады. Көне 
түркі дәуірінде болашақ қазақ халқының негізін құраған тайпалар,тайпалық 


одақтар айқындала бастаған.VII-IX ғасырларда қазақтың ірі тайпалық 
одақтарының(жүздерінің) негізі салынды деген пІкір бар.Тіл жағынан 
алғанда қазақ жеріндегі тайпалардың бәрі де түркі негіздес диалектілерде 
сөйлеген,сонымен бірге бұл дәуірде тайпалық одақтар тілі көнетүркілік негіз-
тілден бөліне бастаған еді. V-X ғасырлардағы көне түркі тілдері жайындағы 
мәліметтер Орхон,Енисей,Селенге,Іле,Талас өзендері бойларынан табылған 
V-X ғасырлардың жазба ескерткіштерінде, IX-X ғасырлардағы көне ұйғыр 
жазбаларында сақталған.Бұл ескерткіштер қазіргі түркі тілдерінің көбіне 
ортақ болуымен бірге қазақ тайпаларының көне замандағы тілі құрылымынан 
да мағлұмат береді. 

Қазақ жеріндегі тайпалық тілдердің бұдан кейінгі дамуы түркі тілдерінің 


ортағасырлық дәуіріне сәйкес келеді.Бұл дәуір негізінен қыпшақ қауымы мен 
моңғол үстемдігінің заманы болғаны белгілі.Түркі тілдерінің ортағасырлық 
дәуірінде қазақ жеріндегі тайпалық тілдер жергілікті сипат алып,одан ары 
дамыды.Сонымен бірге олардың бәріне ортақ тілдік белгілерде жетіле 
түсті.Мұның өзі болашақ бірыңғай халық тілінің жасалуына бетбұрыс 
еді.Қыпшақ тілдерінің оның ішінде қазақ тілінің құрылымы туралы 
мәліметтер түркі тілдерінің ортағасырлық дәуірінен қалған тарихи 
шығармаларда сақталған.Мәселен XI ғасырда Қараханидтер мемлекеті 
кезіндегі Орта Азия елдерінің сөйлеу тілі мен кейбір тайпалық одақ 
тілдерінің сипатын білдіретін Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-
түрк”атты еңбегінде(1073-74)қыпшақ тобына,оның ішінде қыпшақ-ноғай 
тілдеріне тән белгілер аз емес.Бұдан басқа көне түркі әдеби тілінің дәстүрінде 
жазылған шығармалар да бареді:Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білігі(1067-
70),Қожа Ахмет Яссауидың “Диуани хикметі” т.б. 

Түркі тілдерінің дамуының жаңа дәуірінде (XV-XIXғасырлар)қазақтың 


тайпалық одақтары қыпшақ қауымынан,ноғай ордасынан бөлініп шығып,өз 
алдына халық болып қалыптасу үстінде еді.Тайпалық одақтар тілінде бәріне 
ортақ халықтық тіл белгілерінің басым болуы бірыңғай халық тілінің 
дамуына мүмкіндік берді.Мұның өзінде қазақ тілі қыпшақ тілдеріне,оның 
ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы белгілерді сақтай отырып,өзінің ішкі даму 
заңымен жетіліп отырды.Бұл процесс,яғни қазақтың халық тілінің 
қалыптасуы, XV-XVI ғасырдан бастап, XIX ғасырдың екінші жартысына 
дейін созылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет