Бөж тақырыбы:Қазақ халқы тілінің дамуы. Орындаған: Батыр Фариза Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа Мамандық: 6В02336-Қазақ Филологиясы Тобы: ФҚФ-211 Түркістан,2022 Жоспар: I. Кіріспе II



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі165,87 Kb.
#134603
  1   2   3   4


Қ. А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
БӨЖ
Тақырыбы:Қазақ халқы тілінің дамуы.
Орындаған: Батыр Фариза 
Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа
Мамандық:6В02336-Қазақ Филологиясы 
Тобы: ФҚФ-211 
Түркістан,2022 


Жоспар: 
I.Кіріспе 
II
.
Негізгі бөлім: 
1)Қазақ тілінің шыққан тегі және түркі тілдерімен байланысы;
2)Қазақ тілінің дамуы; 
3)Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі. 
III.Қорытынды 
IV.Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Қазақ тілінің қалыптасуы қазақтың ұлт болуымен тікелей байланысты. 
Ұлттың өмір сүруінің кепілі - тіл, ал ұлттың,оның тілінің пайда болып 
қалыптасуы өте ұзақ тарихи құбылыс. Қазақ тілінің санғасырлық
тарихынан бастап, бүгінгі күндегі мемлекеттік мәртебесін, әлемдік 
аренадағы беделін айтқым келеді. Қазақ тілі — өзіндік әдеби, ғылыми және 
саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі 
тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз 
байланысты.
Тіліміздің қалыптасуға бет алуы VI ғасырлардағы Түрік қағанатының 
пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында
әбден қалыптасып болған еді. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ 
тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, 
башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа 
тілдер. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ 
тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. 
Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба
әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі 
ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-
8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі, Махмұт Қашқаридің 
«Диуани лұғатат түрік» еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық» 
еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі» (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай 
және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Саяси процесс 
нәтижесінде 
қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 
жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа 
дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — 
әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан 
жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан 
алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша
және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және
мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Тамыры терең тарихтан бастау алатын тіліміздің озық елдердің 
тілдерінің қатарына енуі қуантарлық жағдай. Тек қана тарих сахнасынан 
өшпей, өз тұтастығын сақтап қана қоймай, бүгінде мемлекеттік мәртебеге 
ие тіліміздің пайда болуы, түркі дүниесімен байланысы, дамуы қай 
қазақтың болсын білуі шарт. Себебі тіліміз- тарихымыз, бүгініміз, 
болашағымыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет