20. Типтік технологиялық процес.
Негізгі өндірісті қалыпты қамтамасыз ету үшін қосымша өндірістер қарастырылады. Негізгі өндіріс процесінде қолданылатын әртүрлі технологиялық құрылғылар мен құрал-саймандар қосымша өндірістерде дайындалады. Мұндағы өндірілетін өнім көлемі жоспарланған уақыт аралығында өндіруші кәсіпорын немесе оның бөлімшелерінің белгілі бір бұйымды тип өлшемді шығару санымен анықталынады.
Өнімді өндіру үшін, алдын-ала бағдарлама әзірленеді. Яғни өндіру бағдарламасы дегеніміз – берілген кәсіпорын үшін жоспарланған уақытта әрбір өндірілетін және жөнделінетін бұйымның орнатылған тізімі. Өндіруге немесе жөнделуге тиісті бұйым көлемі өндірістік партиямен келуі мүмкін. Яғни өндірістік партия берілген уақыт аралығында өңдеуге жіберілген еңбек объектісінің немесе жөндеуден өткен бұйымдардың бір атауынан немесе тип өлшемінен құралады.
Бұйымды дайындау және өңдеу бұл өндірістік процестің басталуымен аяқталады. Яғни өндірістік циклді құрайды. Технологиялық құжаттар бойынша дайындайтын барлық бұйымдар бұйым сериясын құрайды.
Өнімді өндіру көлемі, тұрақтылығы, реттілігі бойынша өндіріс 3-ке бөлінеді, олар:
Мемлекетаралық стандарттар 14.004-83 сәйкес бірлікті сериялы және массалық өндірістер. Өндіріс типінің ең негізгі сипаттамасының бірі болып операцияларды бекіту коэффициенті болып табылады.
Мұндағы О- әртүрлі операциялар саны, R- әртүрлі операциялар орындалатын жұмыс орнының саны.
Бірлікті өндіріс өндірілетін бұйымның аз көлемімен сипатталынады. Мұндағы жұмыс орнында универсалды унификацияланған технологиялық құрылғыларды пайдаланып универсалды технологиялық құрал-жабдықтардың көмегімен әртүрлі операциялар орындалады. Бірлікті өндірісте арнайы технологиялық құрылғылар тек қана онсыз бұйымды дайындау мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады.
Мұнда жұмыстың сапасына универсалдылығына жоғарғы маман жұмысшылар талап етіледі. Сериялық өндіріс бұйымды өңдеу мен жөндеудің периодты қайталануымен сипатталады. Партиядағы немесе сериядағы бұйым санына байланысты операцияның бекіту коэффициент мәні мемстандарт 3.1121-84 сәйкес кіші, орташа, үлкен сериялы болып бөлінеді. Егер операцияны бекіту коэффициенті 20
К=1
Массалы өндірістерде жоғары өнімділіктегі жабдықтар арнайы мамандандырылған агрегаттар, автоматтар, электронды есептеуіш машиналар мен басқарылатын автоматтандырылған жүйелер.
Технологиялық процесс үшін автоматты құралдарды және комплексті механикаландырылған жабдықтарды пайдаланудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі. Үлкен сериялы және массалы өндірісте өндірісті ағымды ұйымдастыру кеңінен қолданылады. Ол бұйымды өндіруді белгілі бір интервал аралығында технологиялық операцияларды орындаудағы технологиялық жабдықтардың жүйелі орналастырумен сипатталады. Ағымдық өндірістің негізгі элементі болып жұмыс орнында орналасқан ағымдық линия табылады. Мұндағы ең негізгі жұмыстарды орындау үшін тасымалдау құралдары пайдаланылады. Ағымдық процестің технологиялық процестің периодты өндірілетін бұйым немесе дайындама өндіру такт (уақыт интервалы) анықталынады.
Т = 60 · F · K / n
мұндағы F – жоспарланған периодтағы уақыттың шын мәні (жыл, ай, тәулік, немесе сағат), К – ұйымдастырудың техникалық себептерін жабдықтарды қайта орнату және т.б. ескергендегі коэфициент n – жоспарланған периодтағы өндірістік бағдарлама.
10>20>40>
Достарыңызбен бөлісу: |