Тақырыбы: Кіріспе. Курстың мақсаттары және мазмұны.
«Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету» ғылыми ізденіс жұмыстарымен үйлесе отырып, сапаны қалыптастыруда тапсырыс беруші мүддесі мен тапсырысты өңдеп жасаушы ықыласын және тұтынушы талаптарын қанағаттандыратынконструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД) және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі ТҚБЖ (ЕСТД) мәселелерін қарастырады.
Өнімнің техникалық деңгейі және сапасы жобалау кезеңінде қаланады, дайындау кезеңінде қамтамасыз етіледі, эксплуатация кезеңінде жүзеге асырылады. Сондықтан өнім сапасын бақылау бойынша Мемлекеттік қабылдау жұмысының негізгі бағыттарының бірі - конструкторлық және технологиялық, техникалық құжаттардың сапасын бақылау болып табылады.
Конструкторлық және технологиялық құжаттар өндірісті дайындау және өнімді өндірудің техникалық жағына кіреді. Осы сұраққа байланысты Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСКД), Технологияльық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСТД), Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ЕСТПП), Өлшеуді қамтаматсыз етудің мемелекеттік жүйесі (ГСИ) және басқа да жүйелердің талаптарына сәйкес өңдеу, және оны өткізуді ұйымдастыру, сақтау және өзгерту техникалық құжаттарды бақылау және рәсімдеу , дұрыс құрастыру – үлкен мағынаға ие болады.
Қабылданған өнімнің техникалық құжаты тәжірибелі үлгіні және орнату сериясын сынау және дайындаудың нәтижесі бойынша өңделуі керек және орнатылған тәртіпте бекітілуі керек. Мемлекеттік қабылдау қабылданған өнімнің сапасы мен сенімділігін жоғарылату мақсатында техникалық құжаттарды жетілдіу бойынша жүйелік жұмыстар жүргізуге міндетті. Ол үшін өнімді эксплуатациялау, қабылдау, сынау және өндірудің бақылау материалы қолданылу керек.
Орнатылған техникалық деңгей және сапаның қабылданған өнімінің шығарылымы жүргізілуі бойынша техникалық құжаттың сапалық жағдайын камтамасыз ету және қолдау үшін Мемлекеттік қабылдау РД 50-612-86 сәйкес төмендегілерді жүзеге асыру керек:
- Техникалық құжаттың мемлекеттік стандарттардың және өнімді жеткізу шартының талаптарына сәйкестігін бақылау;
- Өнімнің конструктивті және өндірістік кемшіліктерін жоюмен, өнімнің конструкциясы мен техникалық сипаттамасының жақсарцымен байланысты тениткалық құжаттар өзгерісінің, сондай-ақ қабылданған өнімнің сенімділігі мен сапасына әсер ететін басқа да өзгерістердің, өнімді өндіру шартының, сапаны бақылау ережесі мен тәсілдерінің, қабылдауы мен сынауының келісуі;
- Қабылданған өнімнің техникалық құжатының келісілген өзгерісінің деркездігін және енгізу толықтығын бақылау;
- Мемлекеттік қабылдау органының және кәсіпорынның техникалық құжатты өзгерткені туралы хабарлама жіберуінің деркездігіне бақылау;
- Техникалық құжаттар бойынша ескертулер есебі;
- Техникалық құжаттың өзгертулерінің есебі.
Бұдан басқа кәсіпорында техникалық құжаттың түпнұсқасын ұстағышқа Мемлекеттік қабылдау осы кәсіпорынның өкілімен бірге периодты түрде (жылына бір реттен кем емес) қабылданған өнімнің түпнұсқа құжаттарының сапасы мен комплектілігіне, оларды сақтау ережесі мен шартына тексеру жүргізу керек.
Техникалық құжаттың сапасына бақылау жүргізу үшін Мемлекеттік қабылдаудың жұмысшылары қабылданған өнімді және оған өңделген конструкторлық және технологиялық құжаттарды оте жақсы білу керек.
Бұйымның конструкторлық құжаты бұйыммен бірге оны өңдеу, өндіру, эксплуатация және жөндеу процесінде жүреді. Конструкторлық құжаттарсыз бұйымды шығару және дайындау, тағайындалуы бойынша қолдану мүмкін емес. Конструкторлық құжат бұйымның сапасы мен оның техникалық деңгейі, және оның даму тенденциясы туралы толық және нақты информациясы бар, біріншілік сақтаушы болып табылады. Өнімді өндіруді дұрыс және дәл дайындау және ұйымдастыру, оның эксплуатациясы және жөнелуі конструкторлық құжаттың сапасына байланысты.
Конструкторлық құжаттың сапасы техникалық және хабарландыру мазмұнына, физикалық жағдайына байланысты болады.
Конструкторлық құжаттың техникалық мазмұны бұйымның жұмыс істеу принципін, қондырғысын, құрылымын, оның функционалды бөліктерімен ішкі және сыртқы байланыстарын анықтайды, өнімнің сапасына және техникалық деңгейіне талаптар орнатады.
Хабарландыру мазмұны бірыңғай техникалық тілмен қабылданған техникалық шешімдер, бұйымның техникалық деңгейі мен сапасы туралы мәлімдемелерден тұрады.
Конструкторлық құжаттың физикалық жағдайы саақталуға жарамдылығын, жарылу, жапсыру және тесілген жерлерсіз келтірілген мәлімдемелердің дәлдігін, сондай-ақ түпнұсқа үшін де және бірнеше рет көшірмесін түсіруге жарамдылығын анықтайды.
Конструкторлық құжаттың техникалық мазмұнының сапасы өнімнің техникалық шарттары мен стандарттарында, ғылыми-зерттеулердің және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде (НИОКР); ал хабарландыру мазмұнының сапасы – ЕСКД стандарттарында; физикалық жағдайының сапасы - ЕСКД стандарттарында және құжаттарға ұқыпты қарауда базаланады.
Конструкторлық құжаттың сапасын бақылауда Мемлекеттік қабылдаудың жұмысшылары өнімнің техникалық шарттарымен, стандарттарымен және ЕСКД стандарттар комплексімен еркін жұмыс жасай алуы керек.
Аталынған стандарттар нормативтік талапта орнатылған өнім қауіпсіздігін өзара ауыстырымдылығын техникалық, информациялық қамтамасыз ете отырып, реттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, кез-келген өнім үшін оларға талап орнату , схема түрінде кескінін көрсету, пайдалану, жөндеу, мәәліметтерін келтіру осы технологиялық конструкторлық құжаттарда қарастырылады.
Қазіргі таңда ғылым мен технологиялық ақпараттық байланыстың өркендеуіне байланысты ЕСКД құжаттарын талдау жаңа электрондық конструкторлық құжаттарды жасауға итермелейді.
ЕСКД құжаттарын жетілдіру, халықаралық стандарттар ИСО13.584.\, 13.531 талаптарын ескере отырып жүргізілді. Конструкторлық құжаттардың электронды нұсқасын ЕСКД шарттарына сәйкестендіру информациялық технологиялар саласындағы стандарттау бойынша жұмыстарын халықаралық бағдаламасына ендірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |