22. Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі ТҚБЖ (ЕСТД) стандарттарының тағайындалуы.
Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі - бұйымды дайындау мен жөндеу барысында қолданылатын технологиялық құжаттарды әзірлеу, жинақтау, рәсімдеу және т.б. өзара байланысқан ережелерді орнататын мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар ұсыныстарының жиынтығы.
Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің құжаттарының жиынтығы келесілер үшін тағайындалған :
1) Құжаттарды жобалауда қолданылатын әдістерге тәуелсіз, унификацияланған құжат түрлерімен қамтамасыз ету үшін
2) Инженерлік техникалық тапсырмаларды шешу және т.б. техникалық құжаттарды жобалау үшін қолданылатын, ендірілетін механикаландыру мен автоматтандыру үшін, бірыңғай ақпараттық базаны жасау үшін
3) Технологиялық процестердің нақтыланған жазбасына байланысты бірлік, топтық және технологиялық процестер үшін бірыңғай құжаттарды рәсімдеу бойынша ережелер мен талаптарды орнатуда
4) Кәсіпорын ішінде немесе кәсіпорындар арасында техникалық құжаттарды алмасу барысында рәсімдеуді жеңілдету және үйлесімді шартты қамтамасыз ету үшін
5) Өндірісті технологиялық дайындауда және кәсіпорынды басқаруда орындалатын инженерлік техникалық жұмыстардың еңбексыйымдылығын төмендету бойынша жағдай жасау
6) Жалпы техникалық және ұйымдастыру –әдістемелік стандарттар жүйесін өзара байланысын қамтамасыз ету
Техникалық құжаттардың жиынтығына келесілер кіреді:
1) Техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесі боынша мемлекеттік стандарттар
2) Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі бойынша мемлекетаралық стандарттар
3) Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі бойынша ұсыныстар
4) Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі бойынша мемлекетаралық және шетелдік ұсыныстар
Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің құжаттар жиынтығы келесідегідей топтарға жіктеледі:
0
|
Жалпы талаптар
|
1
|
Құжаттарға жалпы талаптар
|
2
|
Технологиялық құжаттардың белгіленуі және жіктелінуі
|
3
|
Машиналық тасымалдағыш құжаттардың жалпы талаптары
|
4
|
Негізгі өндіріс, яғни бұымды дайындау немесе жөндеу әдістері бойынша технологиялық құжаттардың формалары мен оларды рәсімдеу тәртібі
|
5
|
Негізгі өндіріс жағдайында бұйымды сынау және бақылау барысында технологиялық құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен формасы
|
6
|
Қосымша өндірістегі технологиялық құжаттарды рәсімдеу формасы
|
7
|
Технологиялық құжаттарды толтыру тәсілі
|
8
|
Басқа да құжаттар
|
9
|
Информациялық база
|
Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарды белгілеу келесідегідей:
ГОСТ 31403-85
ГОСТ – нормативті-техникалық құжаттың категориясы
Мұндағы «3»- Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесіне берілген стандарттар класы
«1»- стандарттардың машинажасау және приборжасауөнімдері үшін тағайындалғанын білдіретін класс іші
«4»- Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінде қолданылатын жіктемеге сәйкес топ номері
«03»- стандарттың берілген топтағы реттік номерін анықтау саны
«85» - стандартты тіркеу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |