ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
ақпаратты жан-жақты талдауға;
өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
басқа да балама пікірлерді ескеруге;
шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);
басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
ситуативтік және рөлдік ойындар,
ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),
шығармашылық жұмыстар, т.б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Интербелсенді лекцияның негізгі қағидалары. Интербелсенді лекцияда акпарат дайын күйінде берілмейді.
Интербелсенді лекция үйренушінің кандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой козғау, т.б.) студенгтерде өзіндік пікір мен көзкарас қалыптастыруға бағытталады. Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емей – «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім құрастырады.
Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция акпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте белсенді (пассив) әрекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді.
Интербелсенді лекцияның негізгі ұстанымы келесідей болады: «Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабаққа дайындалып келген, олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек». Студенттер силлабуста берілген акпарат бойынша бүгінгі лекция такырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жаксы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады.
Интербелсенді лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уакыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады.
Интербелсенді лекция диалог түрінде өтеді.
Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы – студент/студенттер, студент – студент, студент – тақырып, студент – басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой козғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді.
- Интербелсенді лекцияда материал тұтастан емес, бөлшектеліп беріледі.
Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тындау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты бәлсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді.
Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге (тиімді мөлшері 3-4 бөлік) бөлінеді. Қағазға басылып, үлестермелі материал түрінде таратылып берілген бөлімдерді оқу мен зерттеу барысында студенттер белсенді әрекеттер атқарады: олардың қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды келтіру, берілген мәлімет бойынша өз түсінігі мен пікірін қалыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте толтыру, жоспар жасау, графиктер сызу, т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді әрекеттер жеке және бірлесе жұмыс жасау форматтарында өтеді.
- Студенттердің белсенді әрекеттері бірлескен жағдайда өтуі керек: берілген тапсырмалар шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ кұрамында) өз түсініктері мен туындаған ойларымен бөліседі: олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады.
- Интербелсенді лекцияда жана білім студенттердін ой-толғанысы арқылы құралады
Лекцияда студенттер қарастырылған материал бойынша «Мен сабақта не үйрендім?», «Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға болады?», «Бұл білім маган не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтар ауқымында ойланып, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліскені орынды. Осындай ой-толғаныс нәтижесінде студент лекция материалы бойынша жаңа білім кұрастырады.
Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы жүзеге асырылады
Студенттердің сабақта калайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек.
Интербелсеиді лекция кері байланыснен аяқталады.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында студенттерге бірнеше сұрақ қойып, олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтау. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты студенттердің пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды.
Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты.
Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.
Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер және интербелсенді тақта саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып табылады. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
оқу материалын терең түсінуге;
оқу мотивациясының артуына;
алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б. [4].
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралың Заңы. // Қазақстан мектебі, 27 шілде, 2007.
2. Алимов.А. Оқытудың интербелсенді әдістемесі. –Алматы. 2010, -263б.
3. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар, Алматы, 2006. -180 б.
4. Исламкулова С.К. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар: Оқу әдістемелік құрал. – Алматы: ББЖМБК ҚДИ, 2010. –160 б.