Болашақ дене шынықтыру мұҒалімдерінің ОҚушылардың ҚОЗҒалыс белсенділігін жетілдіруді тәрбиелеу бағытында



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#8687

 

Е.Б.Омаров, 



педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

И.В. Рыбин, Д.А. Рахимжанов, 

аға оқытушылар 

 

БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІ ТӘРБИЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 



Тәуелсіз  еліміздің

 

өciп  келе  жатқан  ұрпағын  тәрбиелеудің  ажыратылмас  бөлігі  ретінде 



бастауыш  мектеп  оқушыларының  дене  шынықтырудан  тәжірибелі  білім,  тәрбие  алуы, 

денсаулығының  жақсы  болуы,  бip  жағынан,  оның  болашақ  өмipгe  дайындығы  болса,  екінші 

жағынан, коғамдық өмірдің белсенді мүшесін тәрбиелеуге көмектеседі. Бастауыш мектепте басқа 

пәндермен  қатар  дене  шынықтыру  сабағынан  да  жүйелі  білім  мен  тәрбие  беріліп,  олардың 

дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлінеді. 

Мектеп  жасында,  негізінен  психологиялық  кабілеттері  -  есте  ұстау,  ерік  аңғарымдылығы 

қалыптасады.  Бұл  кездегі  қимыл  ойындары,  оның  барлық  қабілетінің  ұшталуына,  қалыптасуына 

барынша зор әсер етеді. Мысалы, балалар бipiн-бipi ұрып, қашып ойнайды. Бала өзіне сырт жағынан 

қашан қол тиетінін, ішкі зор дайындықпен күтіп тұрады, онан кейін зыта жөнелу қажеттілігін біледі. 

Денесіне  арт  жағынан  бipey  ұрғаннан  кейін  ми  дереу  аяқты  қозғау,  яғни  жүгіру  керектігі  жөнінде 

бұйрық береді. Бала бұл бұйрықты бірден орындауға төселеді. Мектеп жасында баланың ерік-жігері 

қалыптаса  бастайды.  Бұл  шақтағы    қимыл  ойындары  баланың  санасын  дамытады,  қимыл 

шапшаңдығына, бағытты аңғаруға, өзін-өзі билей білу, ерік-жігер сияқты психологиялық қабілеттерін 

жаттықтырады, қалыпқа келтіреді. 

 Атақты  педагог  В.Сухомлинский  тәрбиеде  ең  негізгі  орынды  ойынға  береді.  Әлеуметтік 

тәрбиеде  ойын  кейбір  кезеңдерде  ерекше  педагогикалық  мәнге  ие.  Ойын  барысында  баланың 

мінезін бақылауға болады. Себебі ойында оның өзіне тән ерекшелігі көрінеді. Сондықтан баланың 

ойынын  бақылау  –  оның  мінезін  қадағалауға  көмектеседі.  Ойын  баланы  қоршаған  өмірге  еркін 

кіруге  даярлайды,  өмір  туралы  қарапайым  түciнiк  береді,  бұл  кезеңде  баланың  қалыптасуына 

жағдайлар  жасалуы  көзделеді.  7  мен  9  жас  аралықтарының  өз  ерекшеліктері,  адам  дамуында 

атқаратын  зор  і  бар.  Бұл  кезеңді  баланың  жетілу  кезеңі  деп  атайды.  Бұл  физиологиялық  және 

психологиялық жағынан ерекше атап өтетін кезең. 

Бұл  кезеңнің  ерекшеленетін  ceбeбi  бала  алғаш  рет  мектеп  табалдырығын  аттайды, 

сабақтардан  тез  шаршайды,  бұрынғыдай  қимылдай  бермейтін  болады.  Өйткені  бұған  дейін 

балалар  үнемі  қозғалыста  болады,  ойнайды,  жүгіреді,  ертеден  ұйқыға  жатқанға  дейін  6  сағаттан 

аса  қозғалыста  болады.  Ал  мектеп  табалдырығын  аттағаннан  кейін  жүріс-тұрысы,  қозғалысы  таза 



 

ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды. Tіптi ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың денсаулығының 



қалыптасуына кepi әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, мектеп оқушыларының 80 пайызының 

организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрине, аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру 

сабағы  организмнің    күнделікті  қозғалыс  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Мектеп 

табалдырығын  аттаған  1-ші  сынып  оқушысы  мектеппен  қалай  танысса  дене  шынықтыру 

сабағымен де солай танысуы керек. 

Ал  мектептегі  жалпы  дене  шынықтыру,  сауықтыру  жұмыстарының  басқа  пәндермен 

салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен 

ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға 

дене  шынықтыру  пәні  бойынша  теориялық  білім  мен  практикалық  дағдылар  меңгеріледі. 

Сауықтыру  шаралары  ағзадағы  физиологиялық  өзгерістерді  жақсартумен  денені  шынықтыруды 

көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс 

күні  жасалатын  жаттығулар  мен  ойналатын  ойындар,  сабақтан  тыс  уақыттағы  ойындар  мен 

жаттығулар жатады. 

Таңepтeңri  бой  жазу    жаттығуларын  оқушылар  дене  шынықтыру  сабығында  орындап, 

үйреніп,  оларды  үйде  өз  беттерімен  қайталап  жаттығады.  Бұған  оқулықтағы  жалпы  дамыту 

жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша ipiктeп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой 

жазу  жаттығулары  музыка  ырғағымен  неше  түрлі  спорт  құралдарын  қолданып  өткізсе  оның 

құндылығы  арта  түседі.  Қазір  мектептердің  көбінде  үзіліс  кезінде  таза  ауаға  шығып,  бой  жазып 

cepгyінe  мүмкіндік  бола  бермейді.  Сондықтан  оқушылар  үзілісте  аз  да  болса  ойнап,  жаттығулар 

орындау  арқылы,  өздеріне  керекті  қимыл  қозғалыстар  жасау  мақсаты  үшін  оқулықта  шағын  ғана 

орынды қажет ететін ойындар көрсетілген. 

Сабақтан  тыс  кездері  жасалатын  жаттығуларды  мұғалім  көбінесе  әpбip  дене  шынықтыру 

сабағы  сайын  үйге  тапсырма  ретінде  бepiп  отырады  және  тапсырмалардың  дұрыс  орындалуын 

қадағалап,  тексеріп отыруы   керек.  Таңертеңгі  бой  жазу  жаттығулары  мазмұнына  қарай  4 

топқа бөлінеді: 

1.

 



 Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру 

2.

 



Керіліп - созылу жаттығулары 

3.

 



Тыныс алу мүшелері мен организмнің қан айналымына әсер ететін жаттығулар 

4.

 



Аяқ- қолдың бip мезетте қозғалуына, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар. 

Таң  epтeңri  бой  жазу  жаттығуларының  ойдағыдай  өтyi,  оның    ұйымдастырылуына 

байланысты.  Бастауыш  сыныптарда  өтетін  спорт  сағатының  мақсаты  -  оқушыларды  дағдылы 

қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау. 

Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын үйде орындауға бақылау жасау және т.б. Бала алғашқы 

кезде далаға шыққан бетте  жаттығулар орындайтын жерге  жеткенше тез  жүріп барып, одан соң 

жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете бepyi қажет. Ең әуелі жүгіруден бастаудың мәні қан 

айналу процесімен iшкі мүшелерді

 

тиісті жүктемелерге дайындайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін 



керіліп-созылу  жаттығуларын  орындайды.  Кеудені  кере  дем  алу,  иық,  кеуде  және  белді  қозғау 

жаттығуларын  орындап  бірте-бірте  күрделендіре  береді.  Бастауыш  сыныптардағы  дене  тәрбиесі 

сабағында оқушылардың дене жағынан даму npoцecтepi баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына 

қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы 

керек.  Баланың  өз  құрбыларының  арасында  жүргенде  көпшіл  бола  білу  мінез-құлқын 

қалыптастыратын  бipден-бip  құрал  ойын  екені  даусыз.  Әрбір  баланың  мінез-кұлқы  ойын  үстінде 

қалыптасады. 


 

Яғни  бipeyi  әділ  ойнайды,  біpeyi  алдайды,  үшіншісінің  жаттығуды  орындауға  шамасы 



келмейді,  енді  біреуі  жігерсіздік  танытады.  Сондықтан  бастауыш  сынып  мұғалімдері  ойынды  

тәрбиенің  негізгі  құралы  ретінде  пайдалануы  тиіс.  Адамның    жеке  басының    касиеттері  дененің 

қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту, адамның 

ойын    өсіріп,  шығармашылық  кабілетін  арттырады.  Дене  қасиеттерінің  шамасы  келетін  дұрыс 

ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана  жас дене  жан жақты жетіледі.  

Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгерудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш –қайратын өз 

уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп – бүгілгіштігін дамытуға жан  жақты жағдай жасау жөн. Сондай-ақ оқушы  өз 

қимыл қозғалысын, соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық  

жаттығулардың элементтерін  орындауға дағдыланады . 

Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде  дененің жалпы 

дамуының  нәтижесі  жақсарады.  Жеңіл  атлетика  жаттығуларын  кеңінен  қолдану  оқушының  шапшаңдылық, 

күштілік,  төзімділік    сияқты  дене  қасиеттерін    арттырады,  қимыл  –  қозғалыстарының  дамып  жетілуіне,  күш-

қайраттың молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және  аяқ бұлшық 

еттерін  жан жақты дамытуға үлкен әсер тигізеді. 

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өз ара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен 

тыс    ешбір  процесс  болмайды.  Адамның  жан  дүниесіндегі  әрбір  түйсік,  қозғалыс  түрінде  білінетіндігі  және  

керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге  тікелей  байланысты  екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-

ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады.  Ойынға баланың дене 

мүшелері  түгел  қатысады,  ойын  оның  барлық  рухани  әрекетіне  қозғау  салады,  сөйтіп    жеңіл  атлетика    мен  

гимнастиканың    жаттығулары  да    дене  тәрбиесінің  барлық    даму  түрлеріне  әсер етіп,  орасан  мол  міндеттерді 

атқарады.  Осылайша  алғанда  бастауыш  мектеп  оқушыларының  күнделікті  тіршілігіндегі  қозғалыс  белсенділігін 

арттыру  мақсатында  қолданылатын  дене  шынықтыру  –  сауықтыру    жұмыстары  дұрыс  жүйелі  түрде  жолға 

қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз. 

Дене  шынықтыру  және  спорт  саласына  мамандар  дайындаумен  айналысатын    кафедра  ұстаздары 

көтеріліп  отырған  сұрақты  ескере  келіп,  оқу  жұмыс  жоспарларында    осы  тақырыптарға  арнап  арнайы  курс, 

семинарларды  мамандықтың жоғарғы курстарына енгізуі аса қажет талап болып саналады. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түpлepi және оның тәрбиелік мәні - Алматы: 1985. 

2. Базарбегі Т., Қасымбекова С. Дене  шынықтыруды оқыту әдітемесі (4 сынып). - Алматы: Атамұра,  2000. 

3.Тұрыскелдина  М.Т.  Дене  шынықтыруды  оқыту  әдістемесі  (3  сынып).  -  Алматы:  Атамұра,  1999. 

         

4. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1994.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет