Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мəдениетін қалыптастыруда мультимедиялық технологиялардың рөлі
№1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтікколледж оқытушысы Айтбаева А.Т.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңында, “2011-2020 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген [2]. Қазақстандағы саяси-əлеуметтік жəне экономикалық даму кəсіптік білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бəсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кəсіби мамандар дайындауды талап етуде. Білім мазмұнының сапасын арттыру, сол сияқты қоғам дамуын айқындайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi – оның ақпараттану кезеңiне өтуi болып табылады. «Қазақстан-2050 стратегиясы: Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты» атты ел Президенті Н.Ə. Назарбаев өз жолдауында: Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде əр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру керек. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын. Сонымен қатар, білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісінде қазіргі заманғы əдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттыру. Əр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс - деді ұлт көшбасшысы [1]. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық əрекетiнiң жемiсi – ақпаратты тиiмдi пайдалану арқылы ғана ғылыми-техникалық прогрестi одан əрі дамыту керек болатындығы белгілі болып отыр. Өйткені, ол ақпараттық қоғам жағдайында экономика‚ техника‚ ғылым‚ саясат жəне жалпы қоғам дамуының шешушi күшiне айналуда. Қазiргi кезеңдегi білім беру үдерісіне жаңа ақпарттық технологияны кеңінен енгізудің, сонымен қатар оқушының ақпараттық мəдениетін дамытудың негiзгi ерекшелiгi оның қолданбалы бағыттылығын‚ пəнаралық байланыстарды сəйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын iздестiру болып табылады.
Б. Бөрібаев, Е. Балапанов жəне т.б: ақпараттық мəдениетті дамыту
педагогтың ақпараттық құзыреттілігіне қойылатын талаптарын:
Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру;
Ақпараттық сауаттылық: оқу-əдістемелік, озық тəжірибелерді зерттеу, ғылыми-зерттеу нəтижелерін түрлендіру жəне технологияларды қолдану əдістерін меңгерту, қолданбалы бағдарламалық құралдарды меңгерту, жаңа бағдарламалық құралдарды меңгерту;
Өз қызметтерін жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану: жаңа ақпарттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім, коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы, білім беру үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану жəне оларды өз қызметтеріне сəйкес бейімдеп тиімді қолдану,- деп анықтап берген [4].
Ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, оның мұғалімдігі жойылады» дегендей, білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына жəне өндірістің əртүрлі технологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бүгінгі күнде ғылым мен техниканың өте қарқынды дамуы болашақ мамандардың талғамының өсуі, электронды кітап, интернет жəне компьютер құралдарының кең көлемде қолданылуы мен т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық əдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-əрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады [5]. Сондықтан да, қазіргі кезеңде оқушыларға сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз.
Колледждердің басты мақсаты – инновациялық педагогикалық
технологияларды енгізу негізінде құзыреттілігі бəсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Бұл білім алушының кəсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мəдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа компьютерлік технологияларды меңгеруі т. б.
Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дəстүрлі оқытудан
– инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындалды. Оқытудың бұл түрі оқушының бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді.
Д. Пойа «Қанша жақсы əдістер болса, сонша жақсы мұғалім дер де бар» дегендей, оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың негізгі педагогикалық-психологиялық мəселелерімен айналысқан ғалымдар, білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеушілер Ж.А.Қараев, И.И.Антипов, Е.Ы.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев, С.С.Үсенов, С.М.Кеңесбаев жəне т.б. өз еңбектерінде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-тəжірибесі, танымдық əрекеттерді басқару үдерісі, оқу орындарындағы пəндерінің мазмұны, əдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нəтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп жəне жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нəтижесі,
көп ізденуді қажет ету керектігін, педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. Білім беруді ақпараттандыру мəселесін тиімді шешу, негізінен педагогикалық кадрлардың ақпараттық мəдениеттілігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Бүгінгі мұғалімнің ақпараттық мəдениеттілігі оның педагогикалық мəдениеттілігінің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппараты – бағдарламалық құрал [4]. Мультимедиалық бағдарламалық құралдары – интерактивті режимде əртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өндеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-əрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі
– басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы. Мультимедиалық өнімдер – мультимедиалық құралдар жəне арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат. Мультимедиялық мазмұнды ұсынуда артық жəне сəйкес емес ақпараттың болмауы өте маңызды.
Мультимедиалық технология дегеніміз – адамның ақпаратты бір мезгілде бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ететін аппараттық жəне бағдарламалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық технология ақпараттың көптүрлілігі мен түсініктілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, басқару, ұйымдастыру, білім беру, сияқты қызметтің түрлі салаларында ақпараттық мəдениетті қалыптастыра алады. Ақпараттандыру – əрбір адамның жəне заңды тұлғалардың ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, əлеуметтік
–экономикалық жəне ғылыми-техникалық үдеріс.
Ақпараттандыру – өндірісте ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, ақпаратты өңдеу, сақтау жəне тарату, əсіресе білім беру жүйесінде қолдану болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру сыртқы (еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстарына) жəне ішкі қажеттіліктермен (оқу-тəрбие үдерісі сапасының артуымен) сипатталады. Білім беруді ақпараттандырудың ішкі қажеттіліктері білім беру саласына ақпараттық технологияны енгізудің мүмкіндіктерін анықтайтын педагогикалық ғылым мен тəжірибенің даму дəрежесімен байланысты болады.
Білім берудi ақпараттандыру – бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану жəне оқыту мен тəрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үдерісі. Білім беруді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік аппараттық жəне
бағдарламалық жабдықтарды, сонымен қоса, білім беруді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын олардың мазмұндық толықтырмасы.
Оқыту жүйесінде əр оқушы компьютерлік технология негізінде интернет, АТ оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім кеңістігіне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, ізделіп отырған мəселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туып отырғандығына көз жеткізді. Сонымен, қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты болашақ мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік жəне математикалық модельдеу іс-əрекетінің практикалық сұранысы артуда. Сондықтан да, қазіргі кезең
«ақпараттық төңкеріс» болғандықтан испан ғалымы Ян Карлсон «Ақпаратпен қаруланбаған адам қолына жауапкершілікті ала алмайды» дегендей, білім беру кеңістігіндегі ақпараттық технология мəселелеріне аса назар аударуды талап етеді.
Қорыта келе, болашақ маман тұлғасының ақпараттық мəдениетін қалыптастыруда мультимедиялық технологиялардың рөлі арттыру маман кадр дайындайтын оқу орындарының бүгінгі күнгі еншісі. Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан маман қоғам сұранысына жауап беретін кəсіби құзыретті кадр ретінде келешек ұрпақтың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз етеді, - деп санаймыз.