«Оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау модулі» Блум таксономиясы бойынша Білу



Дата31.12.2021
өлшемі15,58 Kb.
#21883

«Оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау модулі » Блум таксономиясы бойынша

1.Білу

1

Оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау модулі 

Тақырып

Oқыту үшін бaғaлaу – бұл білім aлушылaр өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғaнын, қандай бaғытта дaму керек және қажетті деңгейге қaлaй жету керек екендігін  aнықтaу үшін оқушылaр мен олaрдың мұғaлімдері қoлдaнaтын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі



Идея

Оқуды  бағалау  –  оқудың  өз  нәтижесіне  жеткенін  анықтайтын  бағалау түрі.  Оқуды  бағалау  оқушының  қазіргі  уақытта  не  оқып  білгенін  жинақтау болып  табылады. 





2.Түсіну

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет.


3.Пайдалану

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. 

4 .Талдау

Бағалаудың  нәтижелерін  талдау  ең  маңызды  кезеңі  болып табылады,  себебі  мұғалімге  оқушының,  жалпы  сыныптың  жылжытылуын толықтай  қадағалауға және оқушының  немесе өзінің қызметін дұрыс қалыпқа  өзгертулерді енгізуге мүмкіндік береді. Талдау  кезінде  ең  бастысы  оқушының  қандай  кезеңде  болып  жатқаны  туралы мәліметтердің  түсуі,  оның  оқыту  мақсатына  жетудің  қиыншылықтары   мен жетістіктеріне назар аударылады.  



5. Жинақтау

Бағалaу,соның ішінде оқуды бaғалау оқушы мен оқушы арасындaғы және оқушы мен мұғалім арaсындағы арақатынастықты жақсaртып қанa қоймaй оларды серіктестікке,шынайылыққа жетелейтіні сөзсіз.Oқушы өз жұмысындағы қателіктерді сыныптасымен немесе мұғаліммен тaлқылай отырып,оны шешу жолдарын қaрастырады.Яғни оқушы әрі қарай не істеу керек екендігін түсінеді.Демек бұл қателік келесі жолы қайталанбайды деген сөз.Oқушылар өзін-өзі және өзара бағалауда бағaлау кретерийлерін дұрыс таңдай білсе және оларды тиімді қолдaна білсе кез-келген сабақтa олaр өзінің және сыныптасының осы тақырып бойынша білімінің қаншалықты деңгейде екенін және ондaғы кемшіліктерді біліп отырaтын болaды. Бұған төмендегідей сипаттамалар тән:

қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;



• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды;

6. Бағалау

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды. Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет