Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзіреттілігін дамытудың жолдары Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлайтын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек. Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Критерийлер
Дескрипторлар
А
Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В
Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану.Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С
Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, факттар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Кесте 2. Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі дамуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері
Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігінің жоғарыда көрсетілген деңгейлері оқушылардың білімдерін дұрыс бағалау құзыреттіліктерін дамыту жағдайын анықтауға және оларды қалыптастыруға бағытталған тиімді жұмыс жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі оның шынайы өмірлік тәжірибеде бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеттілігін сипаттайтындықтан, оның дамуының негізгі көрсеткіші – ол білімді критериалды бағалау іс-әрекетіндегі тәжірибесі болады. Яғни, болашақ мұғалімнің бойында критериалды бағалау құзыреттілігін дамытуда басты нәтиже – ол практикалық тәжірибе болмақ. Бұл жөнінде отандық ғалымдар Г.Ж. Менлибекова [14], Б.Т. Кенжебеков [15], Ш. Таубаева [22], М.Ж. Жадрина [23], Д.П. Мучкин [24] А. Арғымбаева [25], К.Л. Кабдолова мен Г.У. Кунакова [26] және шетелдік зерттеушілер Дж. Равен [16], А. Дорофеев [5], В.С. Кульневич [6], Г. Селевко [7], Н.В. Кузьмина [11], А.К. Маркова [12], В.Д. Шадриков [13], И.А. Зимняя [19] да өз еңбектерінде растайды.