Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың ұлттық валюта – теңге туралы білімдері кеңееді, Қазақстанның азаматы деген патриоттық сезімдері одан әрі жанданады.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, кестелер, ұпай беру үшін ақшалар қолданылады.
Эпиграф:«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақтың барысы Шара сайыс түрінде өтеді 1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!
«Ұлттық валюта-теңге» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымызды бастайық.