талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды етіп тәрбиелеу жолын дұрыс жолға қою міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» - деп нақтылағанындай, атабабамыздан қалған ұлттық тәлім- тәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып, түсіндіруді мақсат тұтқанымыз жөн. Ұлттық тәрбиедегі адам баласын тәрбиелеудегі маңызы мен мәні салтдәстүрлік нақыш тұрғысынан сараланып, тәжірбиелік қырымен байланыстыра талданылады. Ата-баба мұрасындағы салт-дәстүрдіңтқолданылу аясы мен пайда болу негізін, тәрбиелік мәнін білу жастарды өзтелінің ұлттық қадір қасиетін терең меңгеруге септігін тигізеді. Ұлттық сана-сезімді жастарға өз ұлтының әлеуметтік мәнін түсінуі, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін және т.б. жағдайларды жете түсіндіру қарастырылады Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да
сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім беру кеңістігінен
жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез
бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын
тұлғаны даярлау.
ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ДАМУЫ ОНЫҢ АЗАМАТТАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК