Хаттама
|
Н 15/1.34-2022
1 баспа 24.02.2022
|
|
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ұстаз» институты
«Әлем тілдері» кафедрасы
«Нашақорлық - қоғам дерті! » атты тақырыбында дөңгелек үстел
ХАТТАМАСЫ
09.02.2023ж
Топ Кураторы: Афлатунов.А.Б
Хатшы: Дәутай Назерке
Қатысқандар: топ кураторы, ШТ 21-3 тобының студенттері
Қатысқан студент саны: 33
Қатыспағандар: 2
Күн тәртібінде:
Қоғамда белен алған мәселелердің бірі – есірткінің адам әсеріне тигізетін зиянына байланысты «Нашақорлық - қоғам дерті!» атты дөңгелек үстел.
Қоғамда белен алған мәселелердің бірі – есірткінің адам әсеріне тигізетін зиянына байланысты «Нашақорлық - қоғам дерті !» тақырыбында ой қозғату.
Әр түрлі мәселелер.
Мақсаты:
Шараның мақсаты – Нашақорлық - қоғам дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Тыңдалды:
Топ кураторы Афлатунов А.А. сөз алып студенттерге ішімдіктің зияны туралы молынан мағлұмат берді:
«Нашақорлық - қоғам дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ бізді қоршаған ортамызды жаман әдетті аурулар қаптап кетті. Олар,нашақорлық, СПИД, ішімдікке салыну сияқтыларды айта аламыз. Соның ішінде жастар арасында нашақорлық әдеті өте көп тарап кетті.Бұған біз кімді кінәлаймыз? Бұл сұраққа жауап іздеу де қиын.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді: - таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк); - синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);
Топ студенті: Ермұхан Қарлығаш
Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Нашақорлыққа көбінесе,жасөспірімдершалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасындаөзінің«қамын»ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады.Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол,бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады.Бір пайдалансаң жайын жай табады,керемет күйге түсесің деп алдайды.Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
Топ кураторы _______________ Афлатунов А.Б.
Хатшы _______________ Дәутай Назерке
Достарыңызбен бөлісу: |