Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру міндеттері. ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабылеттілікті арттыру. 2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»



бет2/2
Дата11.05.2023
өлшемі22,1 Kb.
#91799
1   2
Байланысты:
73. XXI ?àñûðäà ?ëòòû? ñàíà-ñåç³ìä³ ?àëûïòàñòûðó ì?ñåëåñ³. ?àçà?

Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады.
Демек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел дамумен қатар уақыт ағымына қарай өзгеріп те отырады. Қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, озық дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің дамуына қосқан үлесін, этникалық санасьн, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезеңі, ұлттық мүдделері туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар едік.
Осылайша, ұлттық сана-сезім бұл адамдар қауымдастығы ретіндегі халықтың өзінің өткені мен қазіргісін, даму деңгейін, қоғам прогресіндегі орны мен ролін, бостандық дәрежесін, адамгершілік келбетін, мұраттарын сезініп, экономикалық өмір, аумақтық байланыстар, мәдениет, тіл, психикалық болмыс арқылы ұштасып жататын әлсуметтік іс-қимыл субъектісі ретіндегі өз мәнін танып-бағалауы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет