Еліміздің он үш қаласында қарапайым отбасылардан шыққан он мыңнан астам дарынды балаларға алдыңғы қатарлы орта білім беріп отырған жиырма Назарбаев зияткерлік мектептердің желісі. Бұл желінің негізінде қырық мыңнан астам пән оқытушыларының білім алуы да ретке келтірілген.
Батыстық жоғары оқу орындарының үздік үлгілері бойынша Астана қаласында халықаралық деңгейдегі жаңа зерттеу университеті – Назарбаев Университет құрылды. Ол білім беру, ғылым мен инновация сияқты үш құрамдасты біріктіріп отыр. Университеттің 8 клиникасының негізінде органдарды трансплантациялау, кардиохирургия мен онкология бойынша күрделі оталар жасалатын «Болашақ емханасы» қалыптастырылды. 2015 жылы Назарбаев университеті алғаш рет 380 бакалаврды түлек етіп шығарды. Түлектердің басым бөлігі оқуларын жетекші халықаралық университеттерді жалғастырды.
Елбасы, Тұңғыш Президентіміздің бағдарламалық мақаласы - бұл рухы жетілген ұлттың өз бірлігін одан сайын нығайтып, оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу және ұйымдастырушылық тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады.