61
Ағарту комиссары міндетіне кіріскен Жүргенов 1933 жылы халықтың
музыкалық мұрасын өркендетуді мақсатында музыка драма техникумында
қазақ ән-күйін зерттейтін ғылыми кабинет ашты. Сол кабинет қасында халық
музыка аспаптарын жасайтын шеберхана
ұйымдастырды. Көп
ұзамай
домбырашылар оркестрін құрды. ұлттық өнер кадрларын баулитын ұстаздарды
Мәскеу, Ленинград, Ташкенттен шақыртып отырған. Музыка театрының,
хорегрофия училищесі, қуыршақ театрын ашылуына ат салысты. Оның
басшылығымен «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан»,
«Шұға»
опералары
мен
пьесалары
шықты.
Т.Жүргеновтің
тікелей
басшылығымен 1934 жылы бүкіл Қазақстан халық өнерпаздарының бірінші
Слеті өтеді. 1935 жылы мамырда мәдениет саласында өз шешімін күтіп жатқан
мәселелер бойынша баяндама жасаған. Екпінді мұғалімдердің
бірінші
съезі(1934), Мәдени
құрылыс
қызметкерлерінің
бірніші съезі (1935)
шақырылды.
Онда
халық
комиссары
өзінің
баяндамасын
жасап,
республикадағы мәдени революция бағыттарын дәйекілікпен талдай келе,
ағарту ісімен қатар, кәсіптік өнер және көркемөнерпаздар жұмысына мол көңіл
бөліп, шешімін күткен мәселелер көтерді. қазақ халқының мәдениетін одан әрі
дамытуға
қосқан
үлкен еңбектері
үшін Еңбек
Қызыл Ту
орденімен
марапатталған Т.Жүргенов 1937 жылы ашылған опера және балет театрына
ғимарат салуда қажетті сурет, эскиз, сызбалар үшін қажетті құжаттарды
жинаған. Осы жылы қазақ ССР Конституция мәтінін ақырғы өңдеуден өткізуге
белсене қатысқан.
Ұлттардың мәдени жақындасуына ұлтаралық қатынасты жақсы түсінген
Т.Жүргенов 1936 жылы Алматыда ұйғыр халқының мәдениет қызметкерлерінің
бірінші конференциясында «Ұйғыр еңбекшілерінің ұлттық мәдени құрылысы»
деген тақырыпта баяндама жасайды.
«Отанға опасыздық істеді, қазақстанды СССР-ден бөліп әкетуге , оны
шетел имперализмінің колониясына айналдыруға тырысқан деген айыппен1937
жылдың тамыз айында Т.К.Жүргенов қамауға алынады. Жазықсыз халық
жауы»деген жаламен атылды.
Достарыңызбен бөлісу: