НЕГІЗГІ БӨЛІМ Оқу құралындағы берілген сабақ үлгілері
оқытудың инновациялық технологиялары: инте-
рактивті, жобалау, жеке ізденушілік, көрнекілік,
коммуникативтік, оқытудың тетіктері: оқулық
ОӘК, дидактикалық құралдар, техникалық оқу
құралдары, көрнекіліктерге негізделіп жазылған.
Оқу құралынан сөздік қорды молайтуға ар-
налған тапсырмалар да берілген. Тапсырма:
І. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ІІ. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Төле би қай ғасырда өмір сүрген ?
2. Төле би қандай ірі саяси істерге араласқан?
3. Төле бидің портретін тауып, оқыңыз.
4. Қазыбек би Төлеге қандай баға берген?
Осы сөзді сіз қалай түсінесіз?
5. Төле би туралы қандай аңыз әңгімелер бі-
лесіз?
ІІІ. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Тақырып ту-
ралы қосымша не білесіз?
Тапсырмалардың тиімділігі: сұрақтарға жауап
беру арқылы студенттердің сөздік қоры молая-
ды, себебі, олар сұраққа жауап беру үшін керекті
сөздерді табады, олардың мағынасын анықтай-
ды; мәтіннің мазмұнын айту үшін де осындай
іс-әрекет жасайды. Осы іс-әрекеттер арқылы
олардың сөздік қоры молаяды. Cонымен бірге
оқулықтың тиімділігі фразеологизмдермен жұ-
мыс жасауға арналған тапсырмаларды да қам-
тығанында. Мысалы:
1-тапсырма. Төмендегі фразеологизмдердің
білдіретін мағынасын қазақша бір сөзбен айты-
ңыз. Үлгі: «Қара қылды қақ жарған» – әділ. Тұрақ-
ты тіркесті пайдаланып сөйлем құраңыз.
Қара қылды қақ жарған (букв.:рассекающий
пополам конский волос. Справедливый, чест-
ный), қырғидай тию (букв.: нападать как ястреб);
қыр көрсету (букв.: показывать грань); көздің қа-
рашығындай сақтау (букв.: тщательно, заботливо
охранять); Хан көтеру (букв.: почет и уважение,
как хану); үзеңгілес жолдас (букв.: товарищ по
стремени).
Оқулықтың авторлары студенттердің сөздік
қорын молайтуға арналған лексикалық ойын-
дарды да ұсынған.