Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет119/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   395
ҚОРЫТЫНДЫ
Фразеологиялық бірліктер ауыспалы мағына-
ға ие. Себебі ондағы ой нәрсені мегзеу, ишара 
ету түрінде болжаммен беріледі. Мысалы, жақ-
сыдан  үйрену,  жаманнан  жирену,  отпен  ойна-
мау,  күннің  жүзі,  үміт  жұлдызы,  салқын  қоңыр 
жел,  мұнтаздай  ету,  т.с.с.  меңгерген  студенттер 
қазақтың  ұғым-түсінігі  мен  тұрмыс-тіршілігінен 
де  хабардар  бола  алады.  Сонымен,  фразеоло-
гиялық  бірліктер  студенттердің  сөздік  қорын 
молайту  барысында  фразеологизмдердің  бір 
ұғымның  орнына  жүретінін,  мағына  тұтасты-
ғын, құрамының тұрақтылығын, сөйлеуге дайын 
қалпында жұмсалатынын студенттер жақсы тү-
сінуі  және  оны  дұрыс  қолдана  білулері  керек. 
Фразеологиялық  бірліктерді  жеткілікті  үйрету, 
оны тілдік қатысымда қолдануға дағдыландыру 
студенттердің  сөздік  қорын  молайтумен  бірге 
сөйлеу тіліне көркемдік беріп, әсерлілік туғыза-
ды. Студенттің сөйлеуі неғұрлым көркем, шебер 
болса, ол тілдік қарым-қатынасқа еркін түсе ала-
ды, білімі де тереңдейді. 
Тілдің  негізгі  байлығы  жеке  сөздерде  ғана 
емес, сан жағынан одан бірнеше есе артық сөз 
тіркестерінде  шоғырланғаны  белгілі.  Сол  сөз 
тіркестерінің ерекше түрі адамның бейнелі ой-
лауының  жемісі  болып  табылатын  фразеоло-
гизмдер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет