Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет237/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

ниеттану  -  ұлттық  сипаты  бар  деп  танылатын 
әлеуметтік,  танымдық,  этикалық,  эстетикалық, 
саяси,  адамгершілік,  руханилық,  тұрмыстық  қа-
ғидалар  мен  заңдылықтарды  тілдік  құралдар 
арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. 
Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі 
мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл 
фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстети-
калық категориялары арқылы рухани мәдениетін 
танытып,  олардың  қызметі  мен  орнын  анықтау 
деп түйіндеуге болады. Байқап отырғанымыздай, 
лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бо-
йынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол 
атаудың  ұлт  мәдениетіндегі  өзіндік  ерекшелігін 
танытуға көбірек бағытталады. Біз жоғарыда сөз 
еткен  лингвомәдениеттану  жайлы  ой-тұжырым-
дардың негізіне сүйене келе, халық өмірінің дана-
лығы халық жасаған мәдениет, тіршілігі мен тұр-
мысын қалыптастырған көзқарастың тіл құдіреті 
арқылы тарих, мәдениет, әдебиеттің қойнауында 
сақталғаны шындық дегіміз келеді.Тіл ғылымында 
лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениет-
танудың түйіскен тұсынан туындап, әрі этнолин-
гистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа 
ғылым.
Тіл,  мәдениет  және  ұлт  пен  өркениет  өзара 
сабақтас,  әрі  үйлесімділікте  өмір  сүріп  жатқан 
құбылыстар.  Ал  кез-келген  тілдің  бірліктері  сол 
халықтың, ұлттың дүниетанымы қоршаған әлемді 
қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық 
мәдениеті  жөнінде  мол  мағұлмат  береді.  Қазақ 
тіл біліміндегі кейінгі кездегі жаңалықтардың бірі 
– тілді этнолингвистикалық тұрғыда зерттеу мәсе-
лесі. Әр саланың дербес мақсат-міндеті, өз зерт-
теу  нысаны  бар.  Осыған  орай,  этнолингвистика 
– этнос болмысын оның тілі арқылы танып – білу 
мақсатынан туындаған лингвистиканың жаңа да 
дербес  бір  саласы  деп  айтуға  болады  [Сейлхан 
А.Қ., 2001, 28].
Этнолингвистика  «этнос»,  «этнос  болмысы», 
«этнос тілі», «тіл әлемі» деген түсініктерге ерекше 
мән береді. Этнолингвистика – халықтың этноге-
незін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жа-
йын,  басқа  халықтармен  тарихи-мәдени  байла-
нысын,  күнделікті  тұрмысын  материалдық  және 
рухани  мәдениетін  зерттейтін  тіл  білімінің  жаңа 
саласы.  Бүгінгі  таңда  қазақ  этнолингвистикасы 
ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан – жақты 
ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрді-
сі айқындалып келе жатқан, дербес те перспек-
тивті ғылым саласы ретінде танылып отырғанын 
байқаймыз.  Оны  академик  Ә.Қайдардың  «Қазақ 
тілінің  өзекті  мәселелері»  деген  еңбегінен  бі-
леміз.  Бұл  еңбекте  қазақ  топырағында  дүниеге 
келген  этнолингвистика  ғылымының  төңірегінде 
ғылыми  мектеп  қалыптасқандығы  және  бұл  са-


161
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лада  көп  жылдар  бойы  үздіксіз  жүргізіліп  келе 
жатқан ізденістердің нәтижесінде айқындала түс-
кен оның бағыт – бағдары, өзіндік үрдісі, зерттеу 
объектілері мен әдіс – тәсілдері кеңінен сөз бола-
ды.  Ә.Қайдардың  берген  анықтамасы  бойынша, 
этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос тілі 
болса, мақсаты – осынау бай тіл қазынасын этнос 
болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне 
бір тұңғиық теңіздей терең мағына – мазмұнына 
бойлай  еніп,  оны  игеріп,  танып  –  білу,  жүйелей 
түсіп, жан – жақты зерттеу, яғни, сол тіл арқылы 
этнос  болмысын  танып  –  білу.  Этнолингвистика 
қазақ  тілінің  лексикалық  байлығын  мүмкін  бол-
ғанша түгел қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. 
Қазақ этнолингвистикасының тағы бір ерекшелігі 
– лексикалық байлықтың мазмұны мен мән – ма-
ғынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, 
этнос  болмысына  қатысты  бағалы  мағлұматтар 
мен құнды деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне 
тән бояу – нақышымен бейнелі де көркем түрде 
суреттеу,  сондай  –  ақ,  жүйелілікті  сақтау  болып 
табылады [Жанпейісова С.Е., 1996, 25].
Қазақ  тілінің  байлығын  этнолингвистикалық 
тұрғыдан  зерттеу  қажеттілігі  туындайды.  Сонда 
ғана тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас 
та түбегейлі меңгеру, мән – жайын, мағына – маз-
мұнын түсіндіру арқылы этностың болмысын те-
рең түсініп, біле аламыз. Ол үшін қазақ этносын 
жалпы түркі тіл әлемі арқылы ғана емес, өз тілінің 
мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшелігі арқы-
лы ғана танып – біліп, этностың тіл әлемін түбе-
гейлі  игерген  дұрыс.  Бұл  –  этнолингвистикалық 
зерттеудің  қиын  да  күрделі  мәселелерінің  бірі 
десек те болады. Себебі, қазақ тілінің лексикалық 
байлығын  тек  сан  жағынан  ғана  емес,  сонымен 
қатар оны сапа жағынан да саралап шығу, яғни 
сөз  маржанының  түбіне  бойлап,  сан  ғасырлар 
бойы  сақталып  келе  жатқан  сырын  ашу  –  оңай 
болмайды.  Сөз  құпиясын  қарастыру  кез-келген 
зерттеушінің қолынан келе бермейді. Этнос тура-
лы небір құнды дерек – мағлұматтармен толық-
тырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән 
– мағынасын тереңдете түсетін тілдің негізгі көз-
дері бар. Ғалымдар оларды «этнолингвистикалық 
арналар» деп атайды. Олар: баламалар, тұрақты 
теңеулер,  фразеологизмдер,  мақал  –  мәтелдер, 
жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері. Ұлттың рухани 
дүниесінің  жаңғыруы,  сонымен  сабақтас  мате-
риалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке 
басының  жағдайына  байланысты  емес,  ол  –  ха-
лықтың әлеуметтік – психологиялық, мәдени, тұр-
мыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты 
қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет