Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет238/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   395
ҚОРЫТЫНДЫ
Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі 
арқылы танып-білу мақсатынан туындаған линг-
вистиканың  (тіл  білімінің)  жаңа  да  дербес  бір 
саласы.  «Тіл  әлемінде»  өзіндік  табиғатын,  даму 
заңдылықтарын  толық  жан-жақты  зерттеу  ба-
рысында  іштей  жіктеліп,  дүниеге  келген  социо-
лингвистика,  психолингвистика,  статолингвисти-
ка, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да 
– «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының 
ортақ  проблемасы  шеңберінде  тоғысу  нәтиже-
сінде  пайда  болған  жаңа  сала.  Этностың  ақыл-
ой,  дүниетанымының,  өмір  сүру  тәсілінің  жемісі 
–  материалдық  және  рухани  мәдениеті,  тарихы 
екенін  білеміз.  Сол  материалдық  та,  рухани  да 
мәдениетін қалыптастыру, тарихын жазу жолын-
да пайда болған салт-дәстүр, әдет-ғұрып сияқты 
белгілер этнос болмысын құраса, оны тіл дерек-
тері арқылы сөйлететін тіл ғылымындағы бағыт – 
этнолингвистика болып табылады. Орыс ғалымы 
О.С.Ахманова этнолингвистика терминіне мына-
дай анықтама береді: «Этнолингвистика – тілдің 
өмір  сүруі  мен  дамуындағы  тіл  мен  халықтың 
және лингвистикалық факторлар мен этникалық 
факторлардың өзара қатынасын зерттейтін мак-
ролингвистика саласы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет