Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет296/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Банктік  қызметтерді  көрсету  және  банктер-
дің, банк операцияларының жекелеген түрлерін 
жүзеге  асыратын  ұйымдардың  банктік  қызмет-
терді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттер-
дің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы 
«Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкі  басқар-
масының  2017  жылғы  28  шілдедегі  №  136  қау-
лысының 9-тармағына сәйкес, банк тиісті шешім 
қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күніне де-
йінгі  мерзімде  клиентке  банктік  қарыз  беру  не 
бас тарту себебін көрсете отырып, банктік қарыз 
беруден бас тарту туралы Банктің клиенттермен 
жұмыс тәртібі туралы ережеде көзделген тәсіл-
мен хабарлайды», – делінген Ұлттық банк жауа-
бында.  Осылайша,  банк  өкілдерінің  айтуынша, 
2011 жылғы шілдеден бастап ҚР заңнамасында 
клиенттерге банктердің қарыз беруден бас тарту 
себептері туралы міндеттемесі көзделген. Банк-
тер осы міндеттемені бұзған жағдайда азаматтар 
Ұлттық Банкке, оның ішінде оның аумақтық фи-
лиалдарына банктердің іс-қимылдарына шағым-
дануға  құқылы  екен.  Еліміздегі  екінші  деңгейлі 
банктердің бірі жолдаған сауалға клиенттің «қа-


200
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лауы  және  келісімі  келісімшартта  қолының  қо-
йылуымен келісілгенін атап», қаражатты қайтару 
туралы өтінішті қанағаттандыру мүмкіндігі ұсы-
нылмағанын айтып, жауап берген [URL: [https://
natіonalbank.kz/?docіd=704&swіtch=russіan]]. 
Отандық  банктік  тәжірибеде  қарыз  алушы 
субъектінің  несиелік  қабілетін  бағалаудағы  не-
гізгі  басты  факторға  оның  қаржылық  жағдайы 
жатады.  Ол  қарыз  алушы  субъектінің  қызметін 
көрсететін  көрсеткіш  ретінде  қызмет  ете  оты-
рып, меншікті және заемдық қаражаттарды ор-
наластыру  және  пайдалану  құрылымдарымен, 
сонымен  қатар  пайданы  алу,  бөлу,  және  тиімді 
пайдалану сипатталады.
Қарыз  алушы  субъектінің  несиелік  қабілетін 
бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді 
сипаттайды. Қаржылық  жағдайына баға беруде 
несие  алушы  клиенттің  қаржылық  құжаттары 
қолданылады.
Қарыз алушы субъектінің қаржылық жағдайы 
оның келесідей төлем қабілетінен байланысты:
– шаруашылық шарттарына сай төлем талап-
тарын өз уақытында қанағаттандыру;
– несиені қайтару;
– жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы 
төлеу;
– бюджетке төлемдерді және салықтарды тө-
леу.
Қарыз алушы субъектінің қаржылық жағдайы 
жақсы болса, ол өз кезегінде барлық міндетте-
мелері  бойынша  есеп  айырыса  алады.  Қарыз 
алушы  субъектінің  несиелік  қабілетін  банктік 
талдау  шектеулі  және  кең  көлемде  жасалады. 
Қазіргі таңда қарыз алушы субъектінің несиелік 
қабілетіне  талдау  жасау  үшін  оның  тиімділігін, 
төлем  қабілеттілігін,  шаруашылық  –  қаржылық 
қызметін  жан  –  жақты  бағалауға  мүмкіндік  бе-
ретін  көрсеткіштер  жүйесін  ұсынатын  көптеген 
әдістемелер қолданылады. 
Қарыз  алушылардың  салалық  ерекшелікте-
ріне байланысты өтімділік коэффициентінің бір-
шама оңтайлы мәні негізінен 1,2 мен 1,5 аралы-
ғын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен 
болуы жарамайды. Өтімділік коэффиценті қарыз 
алушы  субъектінің  қарызды  өтеу  үшін  жедел 
түрде  шаруашылық  айналымынан  ақшалай  қа-
ражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты 
бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұр-
лым қарыз алушы тұрақты болып келеді [Қазақ-
стан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 
2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысы].
Статистика  комитеті  дерегіне  сүйенсек,  елі-
мізде жұмыс істеу қабілетіндегі 8,5 миллионнан 
астам  тұрғынның  5,1  миллионнан  астамында 
түрлі банктерден алған несиесі бар екен. Бұл де-
геніміз әрбір төртінші қазақстандықтың немесе 
отбасындағы  бір-екі  адамның  мойнында  несие 
бар  деген  сөз.  Осы  несиегерлердің  1  миллион 
200  мыңға  жуығы  алған  несиесін  қайтара  ал-
май отыр, бұл жағдай бүгінде ел арасында жиі 
айтылатын проблемалық несиеге айналып отыр. 
Олардың банктерге қарызы 1 триллион 2 мил-
лиард  теңгеден  асқан.  Қарызын  қайтара  алмай 
отырған  несиегерлердің  ісі  бүгінде  коллектор-
лық агенттіктерге берілген. 2012 жылы «Пробле-
малық несие қоры» құрылып, жұмыс істей бас-
тады. Дегенмен құрылғанына жеті жылға жуық 
уақыт болса да бұл қордың өзі аталмыш мәселе-
ге нүкте қоя алмай отыр. 
Банк – бұл делдал мекеме. Теңгемен есепте-
генде қазіргі таңда проблемалық несие мөлшері 
1 триллионнан асып кетті. Жалпы, экономикаға 
берілгені 20 триллион теңге болса, оның 16 трил-
лионнан астамын банктер берген. Осының банк 
жүйесі бойынша 8 пайыздай мөлшері – пробле-
малық несие. Бұл дегеніміз – банкке уақытылы, 
яғни  90  күнге  дейін  қайтарылмаған,  белгілен-
ген мерзімі өткен несиелер. Мұндай үрдіс, яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет